ҚР Президенті Қытайдағы коронавирустың Қазақстанда таралуының алдын алуды тапсырды

 

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы күндері Қытайда өршіген коронавирустың елімізде таралуының алдын алу шараларын атқаруды жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Үкіметке Қытайда пайда болған коронавирустың Қазақстан аумағына таралуына жол бермеу жөнінде нақты ұйымдастыру шараларын қабылдау тапсырылды», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-де. Еске салайық, Қытайда пневмониялық инфекцияның жаңа түрі тарап жатыр.

Сырқатқа шалдыққан және көз жұмғандар саны күн санап артып келеді. Алғашқы науқастар тіркелген күндері (15 қаңтар) есепке 41 адам алынған болатын.
 

Соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда жаңа коронавирусты жұқтырғандар 1326-ға жетіп, өліммен 41 оқиға аяқталды. Пневмонияның бұл түрі Таиланд, Еуропа елдері мен АҚШ-та тіркеліп отыр. Қазақстан коронавирусты зертханалық жағдайда анықтауға мүмкіндік беретін праймерлерді сатып алуды бастады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі елімізде инфекция тіркелмегенін ресми мәлім етті.

 

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, карантинге жабылған Қытайдың Ухан қаласында бүгінде Қазақстаннан 230 студент оқиды. Олардың 98-і ғана қалада қалып отыр. Қалғандары демалыстың басталуына байланысты Қазақстанға және басқа да елдерге кетіп қалған. Еліміз өңірлеріндегі барлық әуежайларда профилактикалық шаралар және оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде.

 

Көздеріңізді уқаламаңыздар: Қытайлық коронавирусты жұқтырудың жаңа тәсілдері айтылды

Коронавирустың жаңа түрін лас қолмен қолды уқалау арқылы жұқтыруға болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы ресейлік инфекционист-маман Ли Синван мәлімдеді.

Сөзінше, адамдармен жақын қарым-қатынасты азайтып, медициналық бетперде киіп жүрген дұрыс. Сырқаттың ауа арқылы жиі таралатынмен қоса, вирусты лас қолмен көзді уқалау арқылы да жұқтырып алуға болады екен. 

"Ең алғашында аурудың құрғақ жөтел, әлсіздік және дене қызуы сияқты белгілері байқалуы мүмкін. Дерттің ауыр түріне шалдыққандар тіпті дұрыс тыныс ала алмай, егер вирус басқа ауруларға қосылса, жағдайлары асқынып кетуі де ғажап емес", - дейді Синван. 

Бірақ құрғақ жөтел мен дене қызуы сырқаттың негізгі симптомдары дейді инфекционист-маман. Ол аурудың бастапқы фазасымен ауырғандардың өзі індетті жаппай тасымалдаушыға айналуы мүмкін екендігін де қосты.

Ли Сивнванның айтуынша, вирустың жеңіл түрін жұқтырғандардың емі бір-екі аптаға, ал ауыр түріне шалдыққандар ем шараларына екі аптадан көп уақыт жұмсайды екен. 

Үйге байлық пен береке әкелетін хош иістер

Бергамот – өмірлік қуатын келтіреді;
Лимон – жаңа жағдайларға болысуға бейімделеді;

Орхидея - қаржылық тұрақтылығын әкеледі;
Пачули - өркендеуді береді, байлыққа әкеледі;


Гүлшетен – қуат энергия сақтаушы, үйдің өмірлік қуатын жібермейді;

Қарағай – тұрақтылық пен өзгермеушілікті қамтамасыз етеді, қаржылық жағдайды баяндайды;

Балқарағай – ақша тартады;

Дәм қабық – өркендеуге мүмкіндік тұғызады, іс-әрекеттерді табысқа жеткізеді, шығармашылыққа ынталандырады, ой қабілетін күшейтеді;

Мускат – өркендеуге септігін тигізеді;

Зімбір – байлық береді;

Нарқайсар – ырыс-береке, сәттілік;

Апельсин - сәттілік және бақ әкеледі;

Бақта өсетін қалампыр – өркендеу және байлық береді;

Ақтамақгүл – ақша сыйлайды;

Бұрыш жалбыз - энергия және ақша әкеледі

Дереккөз: Reactor
 
 

Алматы тұрғындары қаладағы коронавирусты жұқтырған адам жайлы хабар шошытты

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы коронавирусқа шалдыққан науқас туралы желіде таралған хабарлама жалған екендігін айтты.
 
"Құрметті әріптестер, менің туысым Алматыда жедел жәрдем қызметінде жұмыс істейді. Ол бүгін коронавируске шалдыққан адам анықталды деп отыр.

Оның өзі науқасты жедел жәрдеммен алып барған. Абай болыңыздар. Құрметпен сіздердің әріптестеріңіз, Мика", деп жазыпты әлдебір адам.  WhatsApp месенджері арқылы Алматыда коронавирус жұқтырған адам бар деген мәлімет таралып кеткен. 
 
"Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы ауруханаға жатқызылған науқаста короновирус инфекциясы табылмағанын хабарлайды", - делінген денсаулық сақтау басқармасының ресми хабарламасында. Ресми ақпаратқа сәйкес, бүгін жедел жәрдем қызметіне Гонконгтан түнде ұшып келген қала тұрғыны қоңырау шалыпты.
 
Науқас өзінің қалтырап, дене қызуының көтеріліп тұрғанын айтқан.
 
"Арнайы киім киген жедел жәрдем дәрігерлері дереу көрсетілген мекенжайға жіберілді. Жедел респираторлы вирустық инфекцияның клиникалық белгілері бар науқас қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізілді.
 
Ауруханада науқасты дәрігерлер арнайы бокста тексерді. Оған «орташа ауыр деңгейдегі тұмау» диагнозы қойылды. Сонымен қатар қажетті вирустық талдаулар алынып, емдеу басталды", - деп қорытындылады денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері. Қытайдағы коронавирус инфекциясының қолайсыз эпидемиологиялық жағдайына байланысты науқас дәрігерлердің жіті бақылауына алыныпты.

Дереккөз : ktk.kz
 

Кедейлікті қандай тәсілмен жеңуге болатындығы анықталды

Әлемдік банктің сарапшылары дүние жүзіндегі кедейлікпен қалай күресу керектігі жайлы айтып берді.

Сарапшылардың пікірінше, бірінші кезекте қаржы институттарын реформалаудан өткізіп, еңбектің өнімділігін арттыру шарт екен.

 Бұған қоса мамандар 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан кейін көптеген мемлекеттердегі еңбек
 
деңгейі артта қалып қойып, содан бері көтеріле айлмай келген. Дамушы мемлекеттерге бір жұмыскердің
 
еңбек өнімділігі дамыған елдердегі қызметкермен салыстырғанда әлдеқайда төмен көрінеді. Яғни жетіліп
 
келе жатқан мемлекеттердегі еңбек етушілердің 60 пайызының қауқары дамыған мемлекеттің
 
жұмысшыларының өнімділігінің 1/5-не тең. Осының салдарынан көптеген мемлекеттерде кедейлік
 
басымдылық көрсетіп, ел экономикасы артта қалып отыр екен. 
 
Дереккөз: Stan.kz


 

Тоқаев зейнетақы жинағын пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын мәлімдеді

 
Президент зейнетақы жинағын пайдалануға рұқсат берудегі басты мақсат халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру екенін атап өтті.
 
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы салымдарын баспана алуға, өзге қажеттіліктерге пайдалану бойынша алғашқы қадам жасалғанын айтты.

"Біздің мақсатымыз барлық жинақты таратып, қартайған шағында азаматтарды зейнетақыдан айыру емес. Ең алдымен, халықты "шынайы" жалақысын ашық көрсетуге ынталандыру керек", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі жеке парақшасында.
 
Өткен жылдың қыркүйек айында мемлекет басшысы зейнетақы жинағын баспана алуға, емделуге пайдалануға қатысты тапсырма берген болатын.
 
Осыдан кейін үкімет жанынан жұмыс тобы құрылып, зейнетақы жинағын пайдалануға қатысты ұсыныстар әзірледі. Есеп-қисап жасалды.
 
Әрбір қазақстандықтың есепшотында қанша ақша бары, азаматтардың орташа өмір сүру жасы, бұған қоса, зейнетке шыққаннан кейін ол адамның шамамен қанша жыл өмір сүретіні ескерілген. "Біз қажетті есеп-қисапты жасап шықтық.
 
Қазақстандықтар зейнетке шыққаннан кейін шамамен 19-25 жыл өмір сүреді. Сондықтан біз әрбір адамның есепшотындағы қаржы зейнет жасына жете ме, жоқ па, осыны ескеруіміз керек. Өкінішке қарай, қазіргі кезде салымшылардың жартысының жинақ сомасы 1 миллион теңгеге жетпейді. Ал қажетті сома, шамамен, 10-12 миллион теңге болуы тиіс. Ондай азаматтардың саны – 102 мың адам", - деп түсіндірді премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев.
 
Дереккөз : ktk.kz