Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды.
Бұл туралы Президент 12 сәуірде өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. "Үкімет пен әкімдіктер зардап шеккен адамдарды орналастыру, оларға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс.
Қазір бұл жұмыстар атқарылып жатыр. Эвакуациялық пункттердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау керек. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажет.
Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деді Президент.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.
Президент бірқатар отандасымызды арнайы төсбелгімен марапаттады
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн бірқатар отандастарымыз марапатталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен халықтар арасында бейбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, мемлекеттік тілді дамытуға сiңiрген еңбегi үшiн:
▪️Астана қаласы Қайырбеков атындағы №2 мектеп мұғалімі Шнайдер Елизавета Александровна ІІ дәрежелі «Достық» орденімен;
▪️ «Қазақстан украиндарының радасы» бірлестігінің төрағасы Тимощенко Юрий Евгениевич, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмадиев Мурат Абдуреимович, «Дустлик» Қазақстан өзбектерінің этномәдени қауымдастығы төрағасының орынбасары Шарипов Хасан Халматович «Ел бірлігі» орденімен;
▪️ Степногорск балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы Дураченко Николай Николаевич, Атырау қалалық №3 мектеп-гимназиясының мұғалімі Любина Татьяна Нестеровна «Ерен еңбегі үшін» медалімен;
▪️Өскемен металлургия кешені Мырыш зауытының күйдірушісі Панасюк Сергей Александрович, Ұлытау облысы Қожамқұлов атындағы қазақ музыкалық-драма театрының аккомпаниаторы Побединский Аркадий Николаевич, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімше командирі Пономаренко Кирилл Алексеевич, Ақмола облысы Арайлы ауылы орта мектебінің мұғалімі Ирубаева Анастасия Валерьевна «Шапағат» медалімен;
▪️Қазақстан халқы Ассамблеясы Шығыс Қазақстан облысы ғылыми-эксперттік тобының төрағасы Краснобаева Нелли Леонидовна, Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» өкілдігінің төрағасы Урмашов Александр Николаевич, Жетісу облысы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Усанова Руфина Касымовна Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.
Бұған дейін хабарлағанмыздай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясының отырысы өтті.
Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
Наурыздан бастап қазақстандықтар түрлі вирусқа қарсы екпе алуға міндеттеледі. Бұл туралы Денсаулық министрлігі хабарлаған еді.
Министрлік мәліметінше, енді медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін екпе алуға болады.
Адам папилломасы вирусы туғызған аурулар міндетті профилактикалық екпе жүргізетін аурулардың тізбесіне енгізілді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Massaget.kzке сілтеме жасап.
Міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
-b типті гемофильді инфекция;
-дифтерия;
-көкжөтел;
-қызылша;
-қызамық;
-пневмококк инфекциясы;
- полиомиелит;
- сіреспе;
- туберкулез;
-эпидемиялық паротит;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
- дифтерия;
- көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
- күйдіргі;
-құтырма;
- қызылша;
- қызамық;
- оба;
- сіреспе;
- туляремия;
- тұмау;
- іш сүзегі;
- эпидемиялық паротит.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын ескере отырып, 6 жастағы балаларды (1-сынып) туберкулезге қарсы ревакцинацияланбайды;
Министрлік өкілдерінің айтуынша, профилактикалық екпелерге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті.
Бірақ қазақстандықтар вакцинациядан бас тартуға құқылы. Бұл Кодекстің 77-бабында айтылған.
Республикада профилактикалық екпелер туралы деректерді тіркеу мақсатында "Вакцинация" модулі жұмыс істейді. "Вакцинация" модулі - вакцинациялар туралы деректер қоры.
Денсаулық сақтау министрілігі екпе алатындарға кеңес берді.
"Профилактикалық екпелер туралы ақпаратты ресми және сенімді дереккөздерінен алу қажет. Вакцинациялау туралы ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттар мен аккаунттарда орналастырылады. Сонымен қатар, вакциналар туралы толық ақпарат алу үшін EGU.kz платформасына және вакцинациялау бойынша Call-орталыққа (жедел желі нөмірі 7701) жүгінуге болады", - делінген хабарламада.
Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болды
Атырау облысындағы Индербор кентінде тұрғын үйдің пәтері өртеніп, екі бала мерт болды.
Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының мәліметіне сүйенсек, өрт туралы бүгін, 25 сәуірде таңғы сағат 05:37-де хабар түскен.
«Өрт 5 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатындағы пәтерде тұтанған. Шақырту орнына өрт сөндірушілер жеткен кезде пәтердің толықтай жанғаны анықталды. Пәтердің жатын бөлмесінен 2014 және 2017 жылғы балалардың өлі денесі табылды.
Балалардың анасы –1995 жылғы әйел мен оның азаматтық некедегі күйеуі ес-түссіз күйде табылды. Олар жедел жәрдем бригадасының көлігімен аудандық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің қоғаммен байланыс тобы. Қазір жалынның тұтану себебін анықтау мақсатында өрт-зерттеу зертханасы жұмыс жүргізіп жатыр. Өрт сағат 06:02-де оқшауланып, сағат 06:10-да толық сөндірілді.
Дереккөз: Kazinform
СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
Атырауда ұсазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар арасында ешкім көз жұмбаған – Диас Ахметшәріп
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Оралда полицейлер түнде мейрамханада отырғандарды қуып шыға алмаған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Түнде полиция қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер мен әкімдік өкілдері Президенттің төтенше жағдай кезіне енгізген ережесі сақталу-сақталмауын тексеру мақсатында тексеріс жүргізді.
Коронавирусты жай тұмаудан қалай ажыратуға болады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
CoViD-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 мыңнан асты, оның 7,4 мыңы көз жұмды. Қытайдағы Ухан университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.
Коронавирустың бір қаупі – бұл індетті суық тиюмен шатыстырып алу өте оңай екен.
Ақтауда жол-көлік оқиғасынан ер адам көз жұмды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Коронавирус қай бизнестің қалтасын қағуда
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Сауда орындарының және мейрамханалардың жұмыс уақытына да шектеу қойылды.
Барлығы коронавирус қаупіне байланысты. Қазірдің өзінде сауда орталықтарына баратын адамдардың қатары сиреген. Қауіпсіздік шаралары кәсіпкерлердің қалтасынан қағары сөзсіз, бірақ талапты орындау – міндет.
Коронавирус қолма-қол ақша арқылы жұғуы мүмкін
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Ал, сен намазды қалай оқып жүрсің ?
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
«Намазды қалай оқисың?» деп сұрағандарға Хатамиәс-Сам (Оған Алла разы болсын):
-«Намаз уақыты таяғанда, жақсылап дәретімді аламын. Намаз оқитын жерге барып, сәл кідіріп ойланамын. Сонан соң, намазға тұрамын.
Бүкіл жүйке жүйесін зақымдайтын коронавирустың жаңа түрі пайда болды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Біртанов коронавирустың Қазақстанда әлі тіркелмегенін тағы айтты
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру алдымыздағы апта тіркеледі деген ғалымдарымыздың болжамы орындалмауы мүмкін екенідігі айтты денсаулық сақтау министрі Біртанов. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанда коронавирустық инфекцияның тіркелген жағдайларының жоқтығы туралы кезекті рет мәлімдеді.
Сізді өз жасыңыздан үлкен етіп көрсететін 10 қателік
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Бізді өз жасымыздан үлкен етіп көрсететін қателіктер. Тұтас образды құрту үшін бір нашар ойластырылған детальдің өзі жеткілікті. Ал кейде өрескел қателіктерге жол беретініміз соншалықты, тартымдылықтан жұрдай болып, қас пен көздің арасында «қартайып» кетеміз.
Кез келген жаста тартымды әрі жас көрінгіңіз келсе төмендегі қателіктерді қайталамаңыздар.
Көлік жүргізу құқығынан айыратын дәрілер
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Қарағандыда иттер әйелдерге гүл сыйлады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
"Дүйсенбі жұмыс күні болуы тиіс": Тоқаев мереке күніне қатысты тапсырма берді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Президент дүйсенбі күні барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс екенін айтты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
Назарбаев бүгін астанада жиын өткізеді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Саяси кеңес бюросы отырысынан кейін шамамен екі аптадан соң партия саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы болады
Елордада 5 наурыз күні тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы саяси кеңесі бюросының отырысын өткізеді.
Страница 104 из 213
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Көктемнің мың бір түні...
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- «Кедейліктің қорлығын-ай. Әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты… »
Соңғы жаңалықтар
- Президент бірқатар отандасымызды арнайы төсбелгімен марапаттады
- Атырау облысындағы Индербор кентінде өрттен екі бала мерт болды
- «Салақтығынан ұшынып қайттым»: Саудагер жігіт келіншектің сұлулығына алданып қалғанын айтты
- СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
- Қазақстанға әкелінген қызанақ дәнінен қауіпті вирус анықталды
- "Бірнеше миллион теңгеге дейін": желіде біреуге тіл тигізгеніңіз үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
- Президент көп талқыға түскен заңға қол қойды
- Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты
- Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
- Әттең...(Әңгіме)
- Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
- Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
- Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
- Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Президентке есеп берді
- Мұнайлы ауданында Құлсарылықтарды қабылдау жалғасуда
- Қызылорда облысында 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
- Алматыда жас жігітті соққыға жығып, аяусыз тепкілеген күдікті ұсталды
- Петропавлда дәрігерді ұрып, кейін ер адамды пышақтаған жасөспірім сотталды
- Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды
- БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған
Еркек болсаңыз, екі рет тұрмыста болған келіншекті алар ма едіңіз?
"Елес бейнелерді" әйелім мен қызым деп қалдым
Еркекке «ТОҚАЛ» қай кезде керек?
Бірінші күйеуімді əлі сүйеді екем...
Өзімді сүйетін жанмен біргемін, бірақ жүрегім басқаны аңсайды
Күйеуімді емдеткім келеді
Жыныстық қатынас қаншалықты жиі болуы керек ?!
«Тораңғылы» хикаясы
Қызым өзінің де, менің де бақытыма балта шапты....
Көрде өкіргенді көрген адам (болған оқиға)
Сені жар ете алмаймын,кешір күнім!
Жігіттер түрге қарайсыздар ғой...
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru