Бағлан Әбдірайымовтың коронавирус жұқтырып алғаны рас па?

Отандық шоу-бизнес жұлдызы Бағлан Әбдірайымов ауырып қалып, коронавирусқа анализ тапсырды. Өнер иесі тамағы ісіп, жөтелі құрғақ сияқты болғандықтан медицина мамандарына жүгінуге мәжбүр болған. Әнші өткен тексеріс оның ағзасында инфекцияның бар-жоғын анықтаған. "Жігіттер" квартеті мүшесінің сынамасы қандай нәтиже көрсеткені жайлы KAZ.NUR.KZ хабарлады.

Бағлан Әбдірайымов карантин басталған уақытымен қатарласып ауырып қалғанын жеткізді. Эстрада өкілі мұндай ауыр жағдайда қауіпті вирусқа деген күдігі басым болғандықтан, бірден тексеріске баруға бекінгенін айтып берді.

"Көрісу мерекесі қарсаңында батыс өңіріне барып, достармен жүріп қайттық. Кетер күні моншаға түсіп, Жайықтың мұз қатқан суына жігіттерден қалыспай сүңгіп те алдық. Содан ұшаққа мініп үйге келдім. Карантин жариялау басталды, менде тұмау басталды. Екі күн үйде жатып емделіп, жөтелім құрғақ сияқты көрініп, жүрегім айныған сияқты, сүйегім сырқырағандай болды. Күдік басым болған соң арнайы мамандарға бардым. Тамақ ісіп кеткен. Кірген бойдан температура тексеріп сұраққа алды. Шет елге қашан шыққанымды, туберкулезбен ауырған-ауырмағанымды, травмалық операция болған-болмағанын бәрін сұрады. Ерғали ағам айтпақшы: "Ана бәле жұқпады ма?"- дегендей болды ғой. Шүкір, дін аманмын! Антибиотик жазып берді. Ақ халатты абзал жандардың еңбегін енді бағалау басталды. Біз үшін жұмыс істеп жүр. Сіздер үшін біз үйде отырамыз! Ауырмаңыздар" , - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

 

"Ел аузында" бағдарламасының хабарлауынша, әншінің тапсырған сынамасы теріс нәтиже берген. Әбдірайымовтан COVID-19 вирусы анықталмаған болып шықты. Өнер иесі суық тигізіп, тұмауратып қалған.

 

 


 
 

Коронавирусты жай тұмаудан қалай ажыратуға болады

CoViD-19 вирусын жұқтырғандар саны 179 мыңнан асты, оның 7,4 мыңы көз жұмды. Қытайдағы Ухан университеті жанындағы Чжуннань ауруханасының ғалымдары вирустың күннен күнге қалай құбылатынын анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Life.ru сайтына сілтеме жасап.

Коронавирустың бір қаупі – бұл індетті суық тиюмен шатыстырып алу өте оңай екен.

 

 

Біріншісі 7 күнге созылады. Бірінші күндегі кең тараған алғашқы белгісі – қалтырап, қызу көтерілу. Науқастардың 99%-ында жоғары температура байқалған.

 

Екінші күні қатты шаршау сезіледі. Сондай-ақ, құрқақ жөтел пайда боп, бұлшықеттер ауырады. Кейбір жағдайда лоқсу және іш өту байқалады.

 

Жетінші күн – бұл кезеңнің аяғы. Демек, ауру жұқтырғандардың 85%-ының денсаулығы дұрыстала бастайды. Мұндай жағдайда егер сіз өзін-өзі оқшаулауда болсаңыз әрі ешкіммен байланыс орнатпасаңыз, жұмысыңызды жалғастыруыңызға болады.

 

Алайда, егер жетінші күні тыныс алу жолдары қиындаса, онда бұл – екінші кезең басталғанының белгісі.

 

Екінші кезең тағы екі аптаға созылады, алайда бұл вирус жұқтырғандардың 15 пайызына ғана қауіпті. Мұндай кезде ауруханаға қаралған жөн, себебі пациент ауруханаға жатуды қажет ету мүмкін. Әдетте науқас коронавирустан 17-күні қайтыс болуы мүмкін. 21-күні екінші кезең аяқталады.

 

Осы екі кезеңнен өткен науқастар жұмысын жалғастыруға қауқарлы болады. 

30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов тұрғындарға үндеу жолдады.
 
«Құрметті қала тұрғындары! Өздеріңіз білетіндей, коронавирус тез тарап, ауырған адамдардың саны артып келеді. Өкінішке қарай, адам шығыны да бар.

 
Індет кесірінен қаза болған кісінің отбасына көңіл айтамыз. Дәрігерлер қолынан келгеннің бәрін жасады. Бұл оқиға инфекцияның қаншалықты қауіпті екенін тағы бір рет көрсетті.
 
Біріншіден, ол аурухананы қазір карантинге жаптық, кейбір дәрігерлер де карантинге жатты. Тағы бір карантинге жабылған нысан – №1 автобус паркі.
 
Мониторинг барысында аталған мекеменің жұмысшысы вирус жұқтырғаны анықталды. Қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін автопарк жұмысшылары тескеруден өтеді. Мекеме аумағына және автобустарға дезинфекция жұмыстарын жүргіздік.
 
Біз бұл қауіпті тәртіп пен қатаң шараларсыз еңсере алмаймыз», - дейді елорда әкімі. Шаһар басшысының сөзіне сенсек, 30 наурыз бен 5 сәуір аралығында қоғамдық көлік тоқтайды. Автопарк жұмысшыларының денсаулығы тексеріледі.
 
«Байқағанымыз, мереке күндерінен кейін көшедегі халықтың қарасы көбейді. Азаматтардың оқшаулануын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік комиссияның шешімімен 30 наурыз бен 5 сәуір аралығы жұмыссыз апта болып жарияланды.
 
Медицина, құқық қорғау және қала өмірін қамтамасыз ететін коммуналдық шаруашылық қызметкерлері жұмысын жалғастыра береді. Инфекциямен күрестің алдыңғы шебінде жүргендерді тасымалдау үшін көлік ұйымдастыруға көмектесеміз.
 
Үшіншіден, азық-түлік алуға, дәріханаларға баруға, медициналық қызмет алуға және рұқсат етілгендерге жұмысқа баруға ғана рұқсат етіледі. Басқаның бәрі шектеледі, үйден шығуға болмайды. Бір айта кететіні, бұл енді жай ғана өтініш емес, әрбір адам қатаң сақтауы тиіс .Төтенше жағдайдың тәртібі. Енді қала көшелерін патрульдік қызмет қадағалайды.
 
Әлдекімнің жауапсыздығы басқа адамдардың өміріне қауіп болмауы тиіс!», - деп ескертеді Алтай Көлгінов. Оның айтуынша, 25 наурыздан бастап зейнеткерлердің, диспансерлік есепте тұрған азаматтардың үйлеріне дәрі-дәрмек, қорғаныс құралдарын және азық-түлікті тасымалдау жұмысы жүргізілуде.
 
Өтініш iKomek 109 қызметі арқылы қабылданып жатыр. «Азық-түлік дүкендері жұмыс істей береді. Кәмелет жасына толмаған балалардың үлкен адамдарсыз көшеде жүруіне тыйым салынады. 6 сәуірден бастап оқушыларды онлайн форматпен оқуға көшіреміз.
 
Саябақтар, скверлер, жағалаулар, көшедегі балалар ойнайтын алаңдар, тағы басқа қоғамдық орындардың барлығы жабық. Құрметті қала тұрғындары!Қоғамдық тәртіпті сақтау – әрқайсымыздың азаматтық парызымыз! Темірдей тәртіптен басқа жол жоқ. Жақындарыңыздың жаны қиналғанын күтпеңіздер. Қазірден бастап қамданған жөн», - деп түйіндеді сөзін шаһар басшысы.

ktk.kz
 
 

Коронавирус жұқтырған ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды

АҚШ-та 51 жыл бойы отасқан ерлі-зайыпты бір күнде көз жұмды. 

Олардың баласы Бадди Бейкердің айтуынша, 74 жастағы әкесі мен 72 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болған. Арасы алты минут. 

"Ата-анамның денсаулығы өте жақсы болатын. Алайда өткен айда оларда пневмонияның жеңіл түрі анықталып, ауруханаға жеткізілді. Астмамен ауыратын әкем ауруханада қалды. Ал анам үйге жіберілді", - дейді ол. Кейін дәрігерлер әкесінің коронавирус жұқтырғанын анықтаған. Балалары бұл туралы анасына айтпаған. Бірақ оны да ауруханаға жатқызу туралы шешім қабылдапты. 45 минуттан соң әйелде де COVID-19 анықталды. Дәрігерлер екеуінің бір бөлмеде болуына мүмкіндік берді. Коронавирус жұқтырғандардың ең көбі АҚШ-та тіркелген. Бұл көрсеткіш 355 мыңнан асты. Тоғыз жарым мың адам көз жұмып, 17 мың адам жазылған.

Дереккөз : ktk.kz

42 500 теңге: төлем SMS алғандардың бәріне беріле ме?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі төлемді алушылар тізіміне өзгеріс енгізілгенін хабарлады.

Сенбі, 4 сәуір күні көптеген қазақстандықтар 42 500 теңге алуына болаыны хабарланған SMS хабарлама алған болатын.

Бұл хабарлама  eGov базасы арқылы проактивті жіберілгені айтылған еді. Алайда мұндай SMS бәріне келген жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік төлем туралы бұйрыққа еөзгеріс енгізді. Тізімде кімдер жоқ Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі бір жылда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған тұлғалар. 

Өтініш жазған күнге дейінгі 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне бірде-бір ай қатыспаған бірыңғай жиынтық төлемді өтегендер. Төтенше жағдай енгізілгенге дейінгі соңғы бір жылда міндетті зейнетақы жарнасын төлемеген азаматтық-құқықтық шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар. 

Мүгедектер мен тұрмысы төмен тұрғындарға көрсетілетін көмек I, II, III топтағы мүгедектер, ерекше қажеттілігі бар балалар, мұндай балаларды күтіп отырған ата-аналар мен атаулы әлеуметтік төлем алушыларға төтенше жағдай кезінде әкімдіктер әлеуметтік көмек көрсетеді.

Карантин кезінде тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау үшін тиісті көмек ақшалай түрде жасалады.  Алушының есепшотына 4 айлық есептік көрсеткіш - 10 604 теңге екі траншпен беріледі. Айдың басында 2 айлық есептік көрсеткіш және айдың ортасында 2 АЕК. Бұл туралы астанадағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының жетекшісі Сәуле Нұрғожина. 

Әлеуметтік төлемді кімдер алады: шағын, орта және микро бизнес субъектілерінің жұмысшылары; жеке практикамен айналысатын адамдар; бірыңғай жиынтық төлемін төлеушілер; міндетті зейнетақы жарнасы аударылғандар; қызмет көрсеткені үшін азаматтық-құқықтық сипаттағы келісімшарт бойынша табыс табатындар; карантинге жабылған елді мекендердегі ірі бизнес субъектілерінің жұмысшылары; өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және ресми тіркелмеген жұмысшылар.

Дереккөз : ktk.kz



Коронавируспен күрес. 72 сағатта тұрғызылған госпиталь

Алматы маңында әскери-далалық госпиталь ашылды.

Хабар 24 арнасының мәліметіне қарағанда, оны тұрғызуға бар-жоғы 72 сағат қажет болыпты.

Мекеме 100 төсек-орынға арналған. Онда қабылдау және диагностикалық бөлімшелер, дәріхана, операциялық блок пен жан сақтау бөлімшесі бар. Сондай-ақ рентгендік тексеру, өкпені жасанды желдету құралдарымен жабдықталған. 

Жылыту және ауа баптау жүйелері, тазалық тораптары мен жуыну бөлмелері де қарастырылған. Ал госпиталь жанында 300 орындық екі ғимарат та дайын тұр. Оған қоса 500 орындық шатырлы лагерь ашылған. Олар карантин кезеңінде пайдаланылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін еліміздегі әскери-медициналық мекемелер де төтенше жағдай режиміне дайындалғанын хабарлаған болатынбыз.