Мұғаліміне ғашық болып қалған бойжеткен жан сырын ақтарды
- Подробности
- Категория: Сырласу
19 жастағы бойжеткен өзінің оқу орнындағы мұғаліміне ғашық болып қалғанын айтты. Оның сөзінше, ол сол жанды екінші курста оқып жүріп ұнатып қалған. Алайда бүгінде өз сезімін жасыра алмаған ару сүйгеніне бар шындықты айтқысы келеді екен деп хабарлайды anonymous_forum парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
4 курс студенті мұғалімінің өзінен әлдеқайда үлкен екенін айтты. Алайда ер азамат әлі күнге дейін отбасын құрмаған екен.
Үш әйелдің әлегі (1-бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Ғани Әлихан
Осы Оңтай деген ағамызды екінші әйел алыпты дегенді естігенде ауылдағылардың бірі жаға ұстаса бірі қуанып жатты . Өйткені бұл сонау КСРО құлап қазақ тәуелсіз ел болғаннан соңғы оқиға . Анығын айтсам 1999 - шы жыл .
Мысықтың денсаулыққа пайдасы
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Мысықты жақсы көретін жандар мысық асыраса, оның денсаулыққа пайдасы орасан екен.
Егер үй жануарларына аллергияңыз болса, өзіңізді күштемеңіз. Жүрек талмасына шалдыққан науқас
мысықты бірнеше минут сипаса, оның қан қысымы қалпына келеді. Мысық шаршағанды басып, күйзелістен
арылуға көмектеседі.
Жігіттер түрге қарайсыздар ғой...
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сәлем "Сырласу !"
Аты жөнімді құпиялап беріңіздерші.Ешкімге айтпаған сырымды сіздермен бөліскім келеді. Жақында бір жігітпен танысқан болатынмын.Вертуальді.Тұрмысқа шығу мақсатым болатын.Жасым 26- да.Тұрмыста болмағам, есік көрмегем.Біраз сөйлесіп жүрген соң, фото сұрады.Мен реалда көресіз ғой дедім. Кездесейік деп қоймады. Кездестік.Басымнан аяғыма дейін қарады.Кафеге барып отырдық.Онша сөйлемейді,ұнатпағанын білдім.
Әкесінің өлімін видеоға түсіріп желіге салған блогер сынның астында қалды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Филиппиндік блогер Кит Таленс желіге әкесінің өлімін жүктеп, сынның астында қалды.
.Видеоның басында әкесінің қайтыс болғанын білмейтін блогер жанұясымен бірге көлікте келе жатқанын көруге болады. Жанұя мүшелері әке күніне арнайы жасаған тосынсыйларын талқылайды.
Бірнеше минуттан кейін көлік ішіндегі адамдардың баяндамасы кенеттен үзіліп кетеді. Камераға Таленстің әкесінің мәйітін құшақтап, шыңғырып жылағаны түсірілген.
Айғаным үшін жаза (5- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Үшінші қатар дегенім досым , менен әрі кетсе он қадам жер ғой , басымды көтере қарағанымда анық көрдім .
Үстінде қызыл көйлегі бар ұзын бойлы келіншек менен көз алмай тұрды .Тек көздеріміз түйіскенде ғана сырт айналып адамдар арасына кіріп жоқ болды . Жүрегім дүрсілдеп қоя берді . Кім болса да танысым екені белгілі . Негізі Алматы базарлары сондай , анда - санда ескі таныстарымда кездесіп жататыны бар . Алайда мынаның тесіле қарағаны жайдан - жай емес . Оның үстіне менің көргенімді байқағаннан тобырға кіріп жоқ болды . Демек кім болсада қимасым болғаны дедім де қарғып жолаққа өтіп соңынан түстім .
Алматыда полковник сарбазды гранатаның жарылуынан құтқарып қалды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматыда ҰҚК шекара қызметінің офицері, полковник Сергей Смицких сарбазды гранатаның жарылуынан құтқарып қалды.
19 маусым күні шекара қызметіне қарасты 2027 әскери бөлімінде полковник Сергей Смицких жақында ғана әскер қатарына алынған сарбазды құтқарып қалды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Ақмоладағы ұшақ апаты: Зардап шеккендердің жағдайы ауыр
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Дәрігерлер Ақмола облысында АН-2 ұшағының апатқа ұшырауынан зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты
«Зардап шеккендердің біреуі ашық ми-бассүйек жарақатымен Нұр-Сұлтан қаласының теміржол аурханасына жеткізілді, ал екінші зардап шегуші ашық ми-бассүйек жарақатымен және күйікпен елорданың травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды», - деп түсіндірді Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Еске сала кетейік, бүгін Ақмола облысында АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.
Атамды меннен қызғанған енем отбасымызды ойран етті
- Подробности
- Категория: Сырласу
Медициналық учищені бітіріп бір аудандық ауруханаға жолдамамен жұмысқа бардым (ол кезде солай жолдамамен жіберетін). Мені терапия бөліміне жіберді.
Бөлім меңгерушісі Асқар деген кісі екен. Өте жылы қабылдады. Бөлмесіне алғаш кіргенде «айналайын қызым, келе ғой» дегенде өз әкем сияқты болып кетті. Себебі, мен әкем үнемі «айналайын менің қызым» деп еркелететін. Бөлім меңгерушісі аға медбикені шақырып алып, «мына қызды бөлімнің жұмысымен таныстыр, бәрін түсіндір, білмегенін үйрет» деп тапсырды. Аға медбике де өте жақсы апай екен. Мен сөз арасында «бөлім меңгерушісі жақсы кісі екен» дедім. Қасима апай да менің сөзімді қоштады. Сөйтіп студенттен қызметкерге айналдым.
Айғаным үшін жаза (4- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Шыныменде , бұл досымның өз аузынан естігендей қалған өмірін білемін ғой .Енді маған қызық боп тұрғаны Айконың өмірі . Өйткені жаңағы бір сөзінде төсектес болдық дегенді айтқан еді , сұлу қыздың көз жасына қалғаны рас шығар . Бірақ сол Айконы мен қайтып көрмегенмін . Мүмкін әліде ешқашан көрмейтін шығармын .
Өзі сұлудың да сұлуы еді . Тіпті тап қазірде жіпке тізіп сол кездегі сұлулығын суреттей аламын . Дегенмен онан маған не пайда . Болар іс болды , екі ғашықтың тағдыры екі түрлі жолға түсіп кетті емес пе , оны сұрағаннан бұл оны кейін көрді ма екен сол маңызды ғой .
"Күйеуі бар" деген атым ғана...
- Подробности
- Категория: Сырласу
Жасым отыз сегізде. Қызметім де жоғары. «Карьера-карьера» деп жеке өмірімді де ұмытыппын. Уақыты келгенде ойлана бастадым. Жұмыстан соң интернетке отырып, танысу сайттарына кіріп жігіттермен таныса бастадым. Кездесуге де барып жүрдім.
Өзім жалғыз тұратындықтан, не істеймін не ішем, не жеймін демедім. Ата-анам Шет ауданында тұрады, қартайған жандар. Сондықтан, мен өз өмірім туралы ешкімнің алдында есеп те бермедім. "Не істесең де өзің біл, тек жыламасаң болды" деп ата-анам да өміріме араласқан емес.
Елімізде 40 градус ыстық болады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Еліміздің батысы мен оңтүстігінде 40 градус ыстық болады.
Қазгидромет мамандары алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынады. Жоғарғы атмосфералық қысымның аясында Қазақстанның солтүстік аймағы арқылы жылжитын фронттар тек кей жерлерде ғана найзағай мен өткінші жаңбыр алып келеді.
Айғаным үшін жаза (3- бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
Махаббат хикаясы
Ғани Әлихан
Осылайша аяғым тұсау салынып Айкодан алыстай бердім . Онымен болған күндерім қиялымда ғана қалған сағымға айналды . Дегенмен уақыт емші дегені рас екен уақыт өте келе ауданға ауыстым . Ауыспай қайтейін үйдегілердің бәрі осы қызды құптай берді . Оның үстіне ауданға мамаммен тағы да барып келдім . Тіпті Алматыға оқуға кетіпті деп сонда жіберді . Бұл 1993 - ші жылдың қыркүйегі , яғни сенің әскерге кеткеніңе жарты жыл болған кез . Сонда мен саған хат жаздым . Басымдағы болып жатқанның бәрін жаздым .
Ол хат қолыңа тиген тимегені белгісіз , жауап келмеді . Ал қалада қалған жалғыз кластасымыз оқуға түсіп кетті .( екіншісі менімен әскерге кеткен ). Сөйтіп Айкодан еш хабарсыз кеттім .
Оралда таеквондодан Азия чемпионы жоғалып кетті
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Оралда жасөспірім спортшы қыз жоғалып кетті.
Облыстық Полиция департаментінен түскен мәліметке қарағанда, 16 жастағы Лиана Шарифуллақызы Кушкеева 16 маусым күні сағат 17.30 шамасында үйінен шығып кеткеннен оралмаған. «Қазіргі кезде Орал қаласы полиция басқармасының қызметкерлері іздестіру жұмыстарын жүргізуде.
Страница 127 из 213