Әйелім көзіме шөп салып жүр ме деген ой мазалайды
- Подробности
- Категория: Сырласу
- Просмотров: 6662
Алла басқа салған соң пенденің көмбеске амалы жоқ. Сондай пенденің бірі менмін. Мұндай шарасыздыққа кез болғалы да тоғыз жылдың жүзі болыпты. Отбасылымын. Әйелім мен он жасар ұлым бар. Ең жақын қамқоршыларым да солар. Туысым жоқ емес. Анам, екі апайым мен бауырым бар. Бірақ «анадан алтау болсаң да отаныңа жалғызсың» дегендей, төртеуміз бір анадан туғанмен әрқайсысымыздың өз отбасымыз, өз тіршілігіміз бар. Анам ауылда, бауырымның қолында.
"Қарт кісінің құпиясы"(2-бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
- Просмотров: 4477
+18
Ғани Әлихан
Болған оқиға желісімен....
Тілім күрметіліп даусым шықпай аяқ қолдан жан кетті -деп шəйдан ұрттап қойып қария сөзін қайта жалғады .
Әрбір дерлік материалды миымның әр талшығымен «жазамын»
- Подробности
- Категория: Риясыз әңгіме
- Просмотров: 2330
Жайна Сламбек
Астана арнасы “Біздің уақыт”апталық сараптамалық бағдарлама жүргізушісі
Жайна ханым, сұхбатымызды эфирге келу жолыңыз жайлы айтудан бастасақ...
Журналист болғаныма 22 жыл. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін 1996 жылы аяқтағасын барып кіріскенмін. Жұмысқа оқуды тәмамдағасын тұрғанымды айтып отырғаным, журфакта білім алып жүргенде жұмыс істеп бастайтындар көп.
"Қарт кісінің құпиясы"(1-бөлім)
- Подробности
- Категория: Егіз жүрек
- Просмотров: 5748
+18
Ғани Әлихан
Болған оқиға желісімен....
Өмір бойы өкініп келемін деп əңгімесін бастады қырман басында жатқан қарт кісі.
Сонау 1997 жылы бидай басына барғандағы бейтаныс қарияның əңгімесі осылай басталды.Жас баламын дəрет алуға құманға суын жылытып беремін, тамақ алдынан қолына су құямын ,барынша сыйлап сіз отыра беріңіз мен өзім шығып қарайлап келемін деп алдына түсе бердім.Түспей қайтемін, жасы жетпіске таяп қалған қарт кісі күні бойы тұнжырап жүреді.
Күйеуім үйленгеніне мойынсұнбайды
- Подробности
- Категория: Сырласу
- Просмотров: 5772
Әркімнің бір уайымы бар дегендей,жасым он тоғызда.Ерте тұрмысқа шықтым.Басында сүйіп қосылғандай едік. Енді арадан алты ай өтпей суып бара жатқан сияқтымыз. Дене сымбатым да,кескін келбетім де ешкімнен кем емес. Ыстық –суығымыз тез –ақ басылып қалды. Күйеуім үйленгендігін жұрттан жасырғысы келеді. Үйден шыққан сəтте-ақ қолындағы неке жүзігін шешіп тастайды. Қанша рет байқадым. Мені ертіп достарымен кездесуге барғысы келмейді.
Страница 143 из 216