Өзбекстан азаматшасы Алматы қаласына жұмыс іздеп келген өз отандасын жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген.


Ең сорақысы – белден төмен жұмыс жасап, құлдыққа түскен келіншектің жатырында төрт айлық сәби болған. "Жәбірленушінің айтуынша, ол Алматы қаласына екі айға жұмыс жасауға келген.

Әйел осында келуі үшін күйеуімен де түс шайысып қалғанын жасырмайды. Ол Алматыға келгеннен кейін 1993 жылғы С. есімді азаматшамен танысады. Жаңа танысы оған жұмыс ұсыныпты. Бірақ жәбірленуші танысы ұсынған жұмыстың қандай екенін бас еркінен айырылғанда бір-ақ білген.

Өткен түнде Түріксіб ауданында тексеріс жүргізген Полиция басқармасының қызметкерлері Өзбекстан азаматшасын қиындықтан құтқарған. Қазір оған қажет көмектер көрсетілуде", - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің Қылмыстық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция майоры Тимур Қаржаубаев.

Айта кету керек, полиция қызметкерлерінің құрығынан құтыла алмаған С. есімді азаматшаның үстінен ҚР ҚК 308-баптың 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Дереккөз: Qamshy.kz