Үлкен Тұзды көл. Әлемдегі ең үлкен тұз қоры жинақталған көл. Ғажайып аралдары мен вулкандары, сондай ақ, су асты гейзерлері көлге ерекше сән беріп тұрады. Тұздылығы соншалық, су үстінде жеңіл көлікпен жүйіткіп жүре аласыз.

Егер сіз Бразилияға бара қалсаңыз, бұл жерге міндетті түрде соғуыңыз керек. Вале да Луа айрықша тау түзілістері. Мұнда көп жылғы жер қыртысының қалыптасуы нәтижесінде, табиғи хауыздар пайда болған. Жергілікті тұрғындар күн ыстығынан құтылу үшін осында асығады. 

Қиыр шығыс елі Жапония да көрікті жерлерден құр алақан емес. Бұл Беппу жүйесін құрайтын қанды көлшік. Суы жыл 12 ай ыстық күйінде сақталады. Суының қызғылт сары болуын ғалымдар су құрамында темірдің шамадан тыс көп болуымен байланыстырады.

Кезекті табиғат ғажайыбының бірі Мәуереннахрдағы Ришат құрылымы. Басқа бір атауы - Сахара көзі. Жүзік секілді домалақ болуын метеориттің құлауымен байланыстарғандар да бар. Дегенмен, қазіргі ғалымдар тастардың бірте-бірте ыдырауын себеп қылып отыр. Ришат - әлемдегі ең жұмбақ табиғи құбылыстардың бірі.

Көрші ел Туркменстандағы ад Дарваз тау саласы мамандарына жақсы таныс. Шындығында, мұндағы терең жер қойнауынан атқылап жатқан бұрқасын лава үрей туғызады, көкіректі қорқыныш билейді. Дарваз- газ құдығы деген сөз. Бұл шұңқырдың диаметрі 60 метр, тереңдігі 30 метр. Шығу тарихы кеншілердің газ іздеу мақсатында жерді бұрғылауынан бастау алады. Газдың орнынан лава атқылап шыққан.

Эйсрайзенвельт- ерекше мұздықты үңгір. Басқа үңгірлермен салыстырғанда, мұз жабындылары ерекше қалыптасқан. Мұнда келген туристер  өздерін құдды ертегілер елінде сияқты сезінеді. Үңгірдің қашықтығы 40 км болуына қарамастан, саяхатшылар легі еш толастаған емес.