Ауғанстандағы жарылыстан 12 адам қаза тауып, 43 адам жараланды.


Қайғылы оқиға Ғазна провинциясының орталығы саналатын Ғазна қаласында болған. Агенттіктің xабарына қарағанда, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік директораты ғимаратының алдында автомобиль жарылған.

Қаза тапқандардың сегізі қауіпсіздік қызметкерлері, тағы төртеуі бейбіт тұрғындар. Ал зардап шеккендердің көпшілігі - мектеп оқушылары. Олардың жағдайы туралы ақпарат тым мардымсыз.  Лаңкестікке жауапкершілікті әзірге өңірдегі террористік ұйымдардың ешбірі алған жоқ. 

Дереккөз:ҚазАқпарат