Диего Марадонаның дәрігері Леопольдо Лукеге футболшыны өлтірді деген айып тағылды. Бұл туралы Аргентинаның Telam агенттігі хабарлады.

 

Дәрігердің үйінде және емханасында тінту жұмыстары жүргізілді, Марадонаның ауру тарихына қатысты құжаттар алынды. Тергеу науқасқа немқұрайлылы қарап, жалғыз қалдырғаны үшін жүргізіліп жатыр.

 

Сонымен қатар, медбике Даяна Гиселы Мадридке қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, ол жауап алу кезінде таңертең сағат 07: 30-да Марадонаның бөлмесінен шыққан дыбыстарды естідім деп өтірік айтты. Оның науқасты тексеруге барғаны, қажетті дәрі-дәрмектерді берген-бермегені анықталып жатыр.

Марадона 25 қарашада қайтыс болды, ол 60 жаста еді. Аргентинада бүкілхалықтық үш күндік аза жарияланды. ХХ ғасырдың ең жақсы футболшыларының бірін Буэнос-Айрес маңында «Хардин Белла Виста» жеке зиратына ата-анасының қасына жерледі.

Дереккөз : Stan.kz