Жасырын болсыншы. Сəлеметсіздер ме? Мен ер адаммын жасым 25те. Сіздерге басымдағы қайғымен бөліскім келеді. Мен 19 жасымда үйлендім. Содан 6 жылдан аса уақыт өтті ,баламыз болмады. Əйелім 2 рет түсіріп алды.3-шісінде қатты таксикоз болып тамақ іше алмай ,почкасы тоқтап қалып комаға түсті .10 күндей комада болды. Содан реанимацияда 3 айдай жатты жүре алмай. Үйге шыққасында 6 айдай жүре алмады. Содан бері 3 жыл өтті. Стрестен етеккірде тоқтап қалды. Енді іштей өзін- өзі жеп келеді.Баласыз маған да оңай емес.

Қайырлы күн,  сайт ұжымы!  Ішімдегіні шығару үшін сіздерден басқа ешкімді  таба алмадым.  Есімім - Закира. Жамбыл облысының тумасымын.  Жамбылда  жұмыс реті болмай, Алматыға келгелі - жеті жыл өтті.  Бар жерде жұмыс жасадым. Асхана қызметкерінен бастап, кеңсе қызметкеріне дейін. Алла берген төрт балам үшін кез-келген жұмысты жасаймын. Арланбаймын. Балаларымның тамағынан арам ас өткізбесем болды.

Сол соңғы қызметімдегі басшылықтың беті қалыңдау болды. Жұмысқа итше жегіп, табан ақы маңдай терімді  бермей қор қылды. 

Нәзікжандылар жігіттерді әртүрлі топқа бөледі ғой, мысалы: "крутой", "карьерист", "симпот". Сол сияқты қазіргі уақытта қыздар арасында "женатый жігіт" деген махаббат термині пайда болған. Кез келген қыз-келіншектермен әңгімелесіп отырсаң, барлығының басында бір оқиға, бір сарынды әңгіме:

Айналайын, қарақтарым! Есімім - Гала. Ұзақ жылдар  ауруханада терапевт болып, елдің алғысын алған əйелмін. Қазақстанға Қырымнан  көшіп келгенбіз. Құдайға мың шүкір! Ауылдасым -ағайыным секілді. Өзі жақсы адамға қай жерде де бір кісілік орын болатынына күмəнім жоқ.   Он жеті жасымда осы топырақты бастым. Осы жақта келін болдым. "Əр жүректе бір арман болады "дегендей  жолдасым екеуміз бір перзентке зар болған бейбақтармыз. 

Әйеліммен жастайымнан қосылдым.Осы уақытқа дейін арамызда, жәй ұрыс –керіс болса да,жанға тиер ренжісу болған емес.Балаларымыз әлі жас.Аяққа тұрып кеткен жоқ.Ал келіншегім ауру.Сауығуынан  күдер  үзген ол,маған үйлен дейтінді  шығарды.

-Уақытым аз қалды.Балаларымды жетілдіре алмай барамын.Көзіммен көріп,аманаттайын,үйленші- дейді.