Гүлмира  оқуды біткеріп, біздің  компанияға келгеніне көп болған жоқ.Пәлендей көз тартардай сымбаты болмағанмен,бір қарағанда сүйкімділігі бар қыз.Алғашында тым батымды,  ойын бүкпесіз айта салатынын онша ұната бермейтінмін.Бөлім бастығы болғасын ол қыз қалайын, қаламайын менің қарауыма  кіретіндіктен , амал жоқ  қарым –қатынасты  бір қалыпты ұстауға тура келді.

    Берілген тапсырманы тап –тұйнақтай етіп орындайды.Бойында  өжеттік бар.Қызға тән сыпайылық,инабаттылық байқала бермейді.Жүріс –тұрысы ,тарс-тұрс.

        Бір күні сол қызымның көз   жанарынан өзіме деген ерекше көзқарасты байқап қалдым.Бұрынғыдай  көрген жерде,амандасып өте шықпайды.Көзін төмен салып, қызарып кеткенін байқаймын.Мені көрсе қашқақтайтын болды.Бұрын байқала бермейтін  қызға тән қасиет  бойынан қылаң бере бастады.Бұрынғыдай  тарс –тұрс мінез жоқ.Сыпайы.Бірдеңе  тапсырсаң көзін жерден алмай тұрып тыңдайды да, үнсіз шығып кетеді.

     Бір күні кабинетіме  кіруге рұқсат сұрады.Батылсыздау келіп,көзін төмен салып  үнсіз  тұрып қалды.

-         Не болды,Гүлмира?- дедім.Бірдеңені айта алмай тұрғанын байқап.Бұрынғы  мінездің бірі жоқ.Таң қала қарадым.

-         Бірдеңе  айтайын деп едім- деді күмілжіп.Бірақ...сіз  дұрыс түсінбей қала ма  деп  ойымды айта  алмай тұрмын –деді,одан әрі  қобалжып.

-         Айта бер,мүмкіндігінше   қарастырармыз –дедім ақша сұрағалы тұр деп ойлап.

-         Сіз жаман ойлап қалмаңыз.Мен сізді ...сізді  деді үзіп –үзіп,сүйіп қалдым- дегенде, тілім байланып  бетіне қадала қарап қалыппын.Жүзінен  шынын айтып тұрғанын, байқадым.

-         Сіздің отбасылы екеніңізді білемін,бірақ  мен  өзімнің сезімімді одан әрі тұншықтыруға шамам жоқ- деп жылап жіберді.

Қызымнан төрт –бес  жас –ақ үлкен қызға, балалығы ғой деп  түсіністікпен қарадым.Қалтамнан қол орамал шығарып беріп,маңдайынан сүйіп, қарындасым бол!-дедім.Сол сәтте есік ашылып,келіншегім кіріп келе жатты.Біздің ыңғайсыздау тұрысымызды  түсінбей,қалай кірді солай шығып жүре берді.Артынан іле шыққан маған қайырылып қарамады да.Көлікке отырып  кетіп қалды.

   Кешкісін үйге келгенімде  бала –шағамды алып кетіп қалғанын білдім.Бір ауыз түсініспей  жасаған әрекетіне ренжіп мен де хабар алмадым.Ашуы басылғасын келер деп ойлағанмын.Сөйтсем, «көзіме шөп салды,ажырасамын» деп арыз беріп үлгеріпті.

      Бір қыздың кесірінен айрандай ұйып отырған отбасымнан айырылып қалайын дедім.Айналайын қарындастарым,сезімге сөз жоқ.Шынайы болса.Бірақ отбасылы еркекке  сезім ашып,біреудің көз –жасына қалудың да керегі жоқ -ау.Одан қала берді,ортада бала -шаға бар кезде,еркектер  батыл қадам жасап жаңа отбасын құруға  бара бермейді.Тек көңілдес болып, ертеңгі өміріңді қор қылғанан басқа ештеңе ұтпайсың.

Қарындасым  ойланыңдар,отбасын бұзып біреудің көз –жасымен ешқашан бақытты болмайсыңдар.