Бойын лəззат жеңсе, еріксіз күнə жасайды əйел болған соң. Оған көзім анық жеткен. Ұлы сөзде ұяттық жоқ қой. Ашығын айтайын, күйеуіммен отасқалы бір ретте шын лəззатқа батпапын. Отасқалы алты жыл болды. Төсекте əлсіз. Абысындарым өздерінің түнгі оқиғаларын айтқанда мен ылғи тілімді тістеп отырамын. Кез келген əйел өз ер адамының мықтылығын қалайды. Жəне ер адамының төсектегі мықтылығын көргім келетіні де сөзсіз. Менің де көргім келетін. Сезінгім келетін.
Жақында, жолдасым іс сапарға аттанатын болып, үйде соған дастархан жайдық. Сол бас қосуға күйеуімнің достары келген. Қайрат, Нұрбек, Қанат. Екеуі араққа үйірсек. Күйеуім де араққа құмар. Адам болып, жақын қарым-қатынасқа барар уақ бір рет тазаланған емес. Ылғи сол темекі сасыған, арақ мүңкігкен исімен жақындайды. Сол келген қонақтардың ішінде көңілім құлағаны - Қайрат. Қайрат қара торы, ұзын бойлы, шымыр денелі жігіт.

Сол кеште мен ас əзірлеп, қазан басында ұзақ жүрдім. Ішімді бір арам ой мазалады. Қайрат өзі агроном. Ат баптайды. Келе салысымен, біздің жер алқабына қарай бет алды. Кəсібіне шын берілген жан болған соң, аналармен көп отыра бермейді. Мен де тамақты оттан түсірдім де, көңілімнің дегені көндіктім. Сосын артынан жүгірдім. Жақындаған тұста,ол маған бір түрлі қарады. Мен бірден жетіп барып, не дерімді білмей тұрғаным да ол жақындап келіп ерніме жабысты. Содан көк шөптің үстінде алғаш рет маған төсек лəззатын сыйлады. Бұрын-соңды мұндай ер адамның жойқын күшін көрмеген мен, есімнен танып қалдым.
Сол оқиғадан соң жолдасыммен ажырастым. Қазір, Қайрат екеуміз азаматтық некеде тұрамыз.

Баннер 2 поз