Зейнеп Расулқызының күнделігінен

  Жалғасы бар...

Сезе  алмадым түкте мен жүрегіммен,

Жылап келем, жалқы қап тілегіммен.

Сезінгенім жалған боп  жүрек ғаріп,

Бір жақсы адам ғұмырда тіледім мен.

Жанарым жарық дүниені көрмегелі жиырма тоғыз жыл.  Жиырма тоғыз жылдың жүгін жалқы көтеріп келемін. Жалқы көтеру тиіс нəрсені жұртқа көтертемін деу əбестік. Жұрт айтқандай, менің ешкімім жоқ. Ешкімім болмаған. Қолдаушым - тəңірім мен ата-анам  ғана. Қалғаны бір мезетте бар болып, бір мезетте жоғалатын кемпірқосақ сынды. Бүкіл өмірім - сезінуден құралып, сезінумен жалғасуда. Өкінгенмен, өмірімді өзгертемін деп, бекінгеніммен ештеңе өзгере қоймайды. Сезінем. Сезіну арқылы сүйем, сезіну арқылы ауыр болса да  безінем. Бармақтың ұшымен əріп танысам, жүрекпен адам тану - тағдырым екен.  Бармақпен əріп тану үйренген жанға  ауыр емес. Алайда, адам танудың қиындығын сөзбен жеткізе алмаймын.

    Жанары əлсіз көретін  жандардың үн талғайтын əдеті. Түк естімесе де, үнді қабылдау бар.  Саңырау болса да, тəңір өзі  ерек үнді естіртеді.

        Түрік тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы