Зейнеб Расулқызының көңіл күнделігінен
Жалғасы...
Адам жаны -  бұбұл сияқты.  Содан болар, төрт қабырғаның арасында  қамалғым келмегені. Көрмесем де, жер жүзін түгел аралап шықтым. Ел қатарлы білім алдым. Кəсіп таптым. Өзімді тағдырмен күресте жеңілмедім деп санаймын. 
*
 Адамға не керек? Адамға сыйласа білетін адам керек. Сыйласуды бір күндік немесе бір сəттік дүние деп емес, ғұмырлық құндылық деп қарай білетін жан кездесе, шүкір дейсің.  Ондайлар тым аз. Бір өмір іздеп,  біреуін ғана табуың мүмкін.
 
*
Мектеп кезінде арнайы мектепте білім алып, үйге келгенім де  менің қасыма ешкім жоламайтын. Анам мен əкем келгенше бір бөлме де жападан -жалғыз отырып, қатты қамығатынмын. Балалар неге менімен ойнамады деп, өзімнен-өзім қорланатынмын. Қазір, сол кездегі балалардың əрекетін ересектерден көретін кездер болады.
*
 Жүрегімнің тынбастан  үнемі біреуді іздегенінен қажыған кезім көп. Қалжыраған шақта не істеймін? Теңізге кетуге тырысамын. Теңіз - адамға өмір мəнін ұқтырушы құдірет.
*
"Соқыр" деген сөздің  жаныма ауыр тиетіні соншалық, кей кез адамы жоқ бір жерге кетіп қалғым келеді.
  
Жалғасы бар...
Түрік тілінен аударған Мейірхан Мейрамбекұлы