Адам азды ма? Заман азды ма? Анығы жалғыз жаратқанға аян. Біз білмейміз.  Ауылда тұрған соң көп нəрсеге қаладағыдай  көз жұма алмайтынымыз тағы бар.

Аядай ғана ауылда тұрған соң ауылымыздағы бар адамның жайы белгілі. Жақында ауылымызға көшіп келген көршіміздің əрекетін, санамызға сидыра алмай жүрміз. Өзі елуден асқан əйел, жап-жас жігітке сүлікше жабысқанына не десе болады? Жабысқан жігіті жетім қалған ағайынымыздың баласы еді. Ата-анасынан төрт бөлмелі үй мен дүкен қалған болатын. Оңай жерде жатқан дүние үшін,жас баланың санасын улады. 

  Колледждің екінші курсында оқитын баланың үйіне кіріп алғандығы ,жағамызды ұстатты. Қазақ үйленбеген жігіттің, есік көрген əйелді алғанын дұрыс деп санамайды.  Туысымызға қанша рет айттық. Махаббатты ұқпайсыздар деп, өзіме ұрсып тастағанда,не дерімізді білмедік...

Елудегі әйелмен,жасы жиырмаға да толмаған жігіттің арасындағы қандай махаббат?Әлде  басын дуалап алды ма екен деп те ойлаймыз.Ол балаға не айтсаң да,бәрі –бір  тек сол әйелден басқа ешкім көзіне көрінбейді.