Бет терісіндегі пигментті дақтар – көптеген қыз-келіншектің басты мәселелерінің бірі. Сондықтан арулар дақтан арылудың жолдарын қарастырып, бетіне түрлі маскалар жасап, кремдер жағатыны да сөзсіз. Ал көп жағдайда олардың нәтижесі көңіл қуанта бермейді. Сондықтан маскалардың да үздігін таңдау керек.Бетті үнемі күтіп,түрлі маскалар жасау арқылы табиғи сұлулықты сақтай аласыз.

      Пигментті дақтардың пайда болу себептері де әртүрлі: гормональді өзгерістер, жүктілік, күн сәулесінің әсері, антибиотиктер қабылдау салдары, сапасыз косметика.Ішкі ағзаңыздағы өзгерістер де, бет - жүзіңізден  көрініп тұрады.

      Картоптан дайындалатын ағартушы маска, сонымен қатар, бет терісін жұмсартып, безеулердің алдын алады. Ал оның әсерін жақсарту үшін өзге де ингредиенттермен толықтыруға болады. 

 Лимон шырыны қосылған картоп маскасы 

Тазартылған картопты үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Суын сығып тастап, картопқа 1 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Жақсылап араластырып, масканы бетке жағыңыз. 15 минуттан кейін жылы сумен жуыңыз. 

      Сәбіз қосылған картоп маскасы 

       Тазартылған картоп пен кішігірім сәбізді үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Картоптың суын сығып, бөлек ыдысқа құйыңыз. Картопты сәбізбен араластырыңыз. Дайын қоспаны бетке жағыңыз. Бөлек ыдысқа құйып алған картоп шырынына салфетканы малып алып, масканың бетіне жабыңыз. 25 минуттан кейін салқын сумен жуыңыз. 

    Пияз шырыны қосылған картоп маскасы 

     Тазартылған картопты үккіштің ұсақ көзінен өткізіңіз. Суын сығып тастаңыз. Дәл сол секілді орташа пияздың ½-ін ұсақ көзді үккіштен өткізіп, шырынын сүзіп алыңыз. Бұл шырынды картоппен араластырып, бетке жағу керек. Бетіңізді 10 минуттан соң жылы сумен жуыңыз. Егер бұл масканы бетке жаққанда қандай да бір жайсыздықты (қышу, ашу, қызару) сезінсеңіз, бірден бетті жуғаныңыз жөн.
 
 
 
 
 
 
Баннер 2 поз