«Жан əлеміңмен ғашық етіп, ерке қылығыңмен тұтқын ет».

   1. Жарыңызға жиі жылы жымиыңыз. Рас, жылылық қас пен қабақтан басталады. Қабағыңызды ашыңыз. "Қабағы ашылған əйел- ханша" деген.   Ерлерге жылы жымиған əйел заты ерекше ұнайды.

   2. Зиялы болыңыз. Өзіңізді рухани дамытыңыз.Көп сөзділікті  азайтыңыз.

 Көп сөйлеу -  ерлердің  ең ұнатпайтын нəрсесі. Көп сөйлей беретін əйелдің құрбылары да аз болатыны дəлелденген жайт екенін ескеріңіз. Сондықтан  көп сөйлей берудің қажеті жоқ. Əсіресе, сіздің құрбыларыңыз жайлы ақпараттарды жарыңыздың  білмегені жөн.

  Əйелдердің əңгімесін тыңдауын өтінбеңіз. Ол ерді ер қасиетінен айырады. Əңгіме айтқыңыз келсе, құрбыңызға  хабарласыңыз яки күнделік жазуды бастаңыз.

   3. Ас үйден сізді жиі көрсін.

  Дəмі тіл үйірер неше түрлі тағам түрлерін жасай біліңіз.

  4. Еркекті сізге құштар ететін нəрселерге асқан байыптылықпен қараңыз.

  Олар - иіссу, далап секілді  біз қолданатын көптеген заттар. Өзіңізді əркез күтіңіз. Нəзік қалпыңызды жоймаңыз.

  5. Ер адамның қалауын толық қанағаттандыра біліңіз.

  Ешқашан төсек қатынасынан бас тартпаңыз. Ерлерге бас тарту - басқа мүмкіндік болуы мүмкін.