Мұнда жазуға түрткі болған жағдай мынау, әлі есімнен кетер емес. Мен Алматыдағы « бес жұлдызды» қонақ үйлердін бірінде қызмет етемін. Бізге индустар келеді. Олар контрактыда.Келген сайын үнемі демалатын жеңіл жүрісті қыздар шақыртады.Бұрын мән бермейтінмін. Белгілі жағдай ғой. Осы алдыңғы аптада ,қаршадай жас қыз алдыртыпты. Өзі арық ,түртсе құлайын деп тұр .Қазақтын қызы. Олар үнемі тек қазақтың қыздарын алады. Мейлі шаруам жоқ,біреудің жеке өмірінде.Ол кезде де ешнәрсе ойламадым, тіпті қай нөмерге келгенін де білмедім,олар бірнеше нөмерде жатады бәрі бір компания.

    Менің де тағдырым алып қашқан қыздардың жайынан асып бара жатқан өзгешелігі жоқ. Сүймедім. Танымадым. Күйеуімнің болмысы - ынжық. Жұрттың ықылауынсыз өмір сүре алмайды. Өзі ештеңе ойланбайды. Өзіне не керек екенін ойланбайды да. Мені жеңгелері мақтауымен жар қылды. Ол үшін біреу ойланып, біреу шешім қабылдағанға үйренген.

Гүнай Текин
  
Ойсыз адамдардан қорқамын. 
 
  Ардың құнын ұқпайтындар, жанардан жалқы қалып жас сықпайтындар үшін арланам.  Бақай есеп үшін біреудің өмірінің тас-талқанын шығаруға ұялмайтындарды ұға алмаймын. Біреудің көз жасынан бақыт құрала ма? Құралса да, оның баяны бола ма? Болмайды. Менің жыл өткен сайын құрбыларым азайып барғанының мəні - өз бақытын біреудің қайғысынан құруға талпынатын жандардан мен бірден  достықты шорт кесем.  

Гүнай Текин

Кешір, күнім! Мен үйлендім. Сені жар ете алмаймын, осыны сен де ұғын

(Сердардың хаты)

Сердар!

Ақымақсың ғой...

Зейнеб Расулқызының көңіл күнделігінен
Жалғасы...
Адам жаны -  бұбұл сияқты.  Содан болар, төрт қабырғаның арасында  қамалғым келмегені. Көрмесем де, жер жүзін түгел аралап шықтым. Ел қатарлы білім алдым. Кəсіп таптым. Өзімді тағдырмен күресте жеңілмедім деп санаймын.