Мен сіздердің «Сырласу»айдарыңызды үзбей оқып отырамын.Біраз қыздардың «тарихымен»таныспын.Әркім жүрек түкпіріндегі сырларымен бөліседі.Менің аты –жөнімді анонимді түрде берсеңіздер екен.Ауылдық жерде тұрамын.Тұрмыстамын.2- балам бар.Өзім емес,құрбым жайында айтайын дегенмін.Құрбым жастай 15- жасында тұрмысқа шыққан.Қазір жасы 24- де.Екі баласы бар.Үлкені 2- сыныпта оқиды.Айтайын дегенім құрбымның күйеуі «бабник»жүрген.Қыздармен сөйлеседі.Құрбым үйінде бәрін істейді.Ата –әжесіне қарайды.Мал қарайды,балалары бар.

Жасым 24- те ,1 баланың анасымын. Менде Аллаға шүкір айтарлықтай мәселе жоқ. Бірақ мына хаттарды оқыған сайын миыма ауырлық түседі. Қыздар соншааааааа аңқау болады ма екен немесе бəрі де соны қалап тұрады мА? Мен өзім басымнан өткенге мысал келтірейін: мектеп кезден 1 жігітпен жүрдім.Сонымен жүргенде колледжде бітірдім.Сонда 5-6 жыл жүрдім.Барлық тумаластарымен таныстым(бұл менің өкінетін мəселем.Себебі жүрмей қалғаннан кейін,көшеден көрсең не деріңді білмейсің) керемет жүрдік.Қыздардың көбі айтқандай бізде өліп-өшіп сүйдік.

Қыз болған соң тұрмыс құрып, ана болуды армандамайтыны жоқ-ау. Мен тағы қызы жиырма бестен асқан соң жақтырмай қарайтын отбасының қызымын. Жоғарғы білімім бар. Қазір, жұмысыма байланысты Жетісайда тұрамын. Асыра айтқаным емес, көркім ешкімнен кем емес,қазақтың ерке қызымын. Десе де, бір жағдайға байланысты маған ешкім сөз салмайды. Қыста танысқан жігітім көктемде жоқ болып кетеді. Себебі мынау, мен төрт жасымда анам шелпек пісірген қазанға түсіп кеткенмін. Содан аяқтан саныма дейін күйіп қалған.

            Мен онымен курортта таныстым. Алғаш көргенде ақ жүрекке жақын, көзге ыстық болып көрінді. Он бес күніміз ертегіге бергісіз болып өтті де кетті. Курорттағы қыз -қырқынның бəрі қызыға да, қызғана қарайтын еді. Ол көрікті де сымбаттыболатын. Қасында жүрсең өзіңді бақытты сезінесің, əңгімелері де əсерлі, ішіңді пыстырмайтын. Бір күніміз,бір күнімізден қызықты өтті. Ол кез өмірімдегі қайталанбас ең бақытты күндерімнің бірі болған екен.    

               Қоштасарда бір бірімізді қимай қоштастық. Қош, сонымен телефонмен ғана хабарласып тұрдық. Қаншама ұйқы көрмеген түндер, қаншама күндер маза көрмеген, айлап күндер өтіп жатты. Күндердің бір күнінде, ол мені өз қаласына шақырды. Қанатсыз ұшу дегенді мен сонда сезіндім. Кездестік, сағынышымызды бастық, мауқымызды бастық. Ұйқы көрмеген түндер, өз лəззатын сыйлап жатты.

     Сəлем, жамағат! "Сырласу" айдарына хат жазғым келмеді. Көп толғандым.  Жезқазғанда тұрамын. 1991 жылы туғанмын. Жасым - жиырма жетіде. Тұрмысқа 2015 жылдың желтоқсанында  шықтым. Күйеуім отасқаннан соңкейін,сегіз айдан соң жүрек талмасынан қайтты. Жолдасымды ұнаттым. Қыз-жігіт болып, үш жарым жыл жүрдік. Күйеуім - Саламат, Азамат есімді екі ағайынды жігіт болған. Қайнымды келін болып түскелі көрмедім. Себебі, Азамат - Англияда білім тауысып жақында келді.

     Ағасын шығарып салуға да оқу деп келе алмаған-тын.  Сол күйеуім былтырғы жылы маусымда қайтты.  Аяғым ауыр болып қалдым. Қайным елге қыркүйек айында келді. Қазір,  бөпем бар.  Ата-енем қайныма əмеңгерлік жолмен қосыл дегенді айтып жүр. Қайным ылғи бұл тақырыптан қашады.