Қаумаласқан жұрт не сұмдықтың болғанын біле алмай зиратты тексермекке қабірді ашты. Жан ақымның ішінде де, қан бірақ сүйек жоқ...

   Ел абдырап тұрып қалды. Ақырында моланы кезек пен түнделете күзетейік десті. Бірінші түн басталды. Мола басы тып тыныш. Əріректен шыққан байғыз үні болмаса. Жақындап баруға қорыққан алты жігіт алыстан бақылап отыр. Молданың айтуымен сол ауылдың əулет басшысы саналатын, қасиеті артқан Əбдірəсіл ақсақалдың моласына таяу отыр. Түнгі сағат бірді соққанда жігіттер ұйқы қыса бастады

Берік қана ояу отыр. Ол марқұм қыздың ағасы. Басқаларына қарағанда онша қорықпай отырған да сол. Берік молаға жақындап барып көрмек болды.

Жігіттер қасындағы Беріктің жоқтығын ертеңгісін ғана аңғарды. Берік болса жоқ...

   Ауыл болып іздей бастаған да көрші ауданан адасып жүрген хабар жетті. Елдің бəрі дүрлігіп кетті. Көрші аудандағы ол табылған жер кем дегенде 500-600 шақырым жер. Жаяу бара алмасы анық. Беріктің өзінен сұраса "қарындасымның бейітіне жақындап ақ қалғам, сүрініп кетіп жан жағыма қарасам таң атқан...

   Жəне басқа жақта жүрмін. Молда ,бейіт басындағы сұмдықты ағасына көрсеткісі келмеген қыздың рухы екендігін түсініп ,енді ол жақты мазаламаңдар деді. Бірақ бейіт маңынан өткендер,жас жігіт пен келіншектің, сəби даусын естіп қалатындықтарын айтып жүрді.