Отандық танымал әзілкеш Мейіржан Төребаевтың әйелі Дана Есеева елестің түнде өзіне ұйқы бермейтінін айтып, оқырмандарын шошытып қойды деп жазады NUR.KZ.

Дана Есеева түнде мазасын алатын тылсым дүние туралы өзінің Instagram парақшасында жариялаған.

"Соңғы кездері мені түнде белгісіз біреу қолымнан түртеді. Кеше тіптен төсектен құлатқысы келді. Мен Мейіржан екен деп ойласам, ол ұйықтап жатыр екен.

Қолымнан кезекті рет ұстап алғанда мені түрткен әйелдің қолы екенін түсіндім. Көзімді ашсам, ешкім жоқ.

Мүмкін күйеуімнің елес жанкүйерлері шығар деп қоямын. Түнде біреудің төбемнен төніп тұрғанын сеземін.

Сүре оқиын десем тістеніп, қолдарым байланып қалатындай. Ешкімге мұндайды сезінуді тілемес едім.

Мейіржан маған шаршағандықтан дейді. Дәрі-дәрмек ішу керек сияқты. Оның елес-табынушылары қыр-соңымнан қалса болғаны", - деген жазба қалдырған келіншек.

Желі оқырмандары Дана Есееваға қолдау білдіріп, мұндай жағдайда не істеу керектігі жөнінде кеңестерін берді.

"Жеті нан таратып, құран бағышта аруақтарға", "Көз тиген ғой, дұғаларыңды оқуды жалғастыр", "Сіздің белсенді өмір салтыңыздың кесірі мұның бәрі", "Одан да арнайы маманға барып қаралыңыз. Галлюцинация деген жаман нәрсе, адамды жынды қылып жібереді", "Молдаға барыңыз дереу" , - деп жазуда көпшілік.