Қазіргі таңда барлық әлем жұртшылығының назарын аударып отырған мәселе балалардың жеке сұраныстары мен ерекшеліктеріне ортаның қатысуымен, білім беру үрдісіне толық қосуды қарастыратын - инклюзивті білім беру.Бүгінде инклюзивті білі беру саласына мемлекет пен Үкіметтік емес ұйымдар баса назар аударып отыр.

«Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» Жолдауында (02.09.2019 ж.) Президент Қ.Тоқаев ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін инклюзивті қоғам құру қажеттігін атап өтті.

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті мүгедектігі бар адамдарға бей-жай қарамайды. Осы ретте Гуманитарлы – педагокалық факультетінің 1 курс студенттерін бейімдеу жоспарына сәйкес және инклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында, педагогика және психология кафедрасы ағымдағы жылдың 8 қараша күні психологиялық – танымдық сағат ұйымдастырды.

Аталмыш танымдық сағатты осы униврситеттің Гуманитарлы – педагогикалық факультеті, дефектология мамандығының 4 – курс студенті Топанбай Мейірхан жүргізді. Инклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша оқу орны арнайы жоспар құрып, жүйелі жұмыс атқарып келеді.

Аудармашы, ақын Мейірхан Мейрамбекұлы модератор болған танымдық сағаттың бағдарламасы - Әлемге көзқарас. Қабылдау.Түсіну.Мүмкіндігі шектеулі жандардың білім алуға икемділігін арттыру және оны дамыту.Дағды. Мақсат.Жігер. Рух. Жетістік сынды тақырыптарды қамтыды.

 

Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті