Мерекелік шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері Ержан Уәйіс, тарих ғылымдарының кандидаты Уалихан Ибраев, мектеп әкімшілігі, ұстаздар қауымы мен оқушылар қатысты.

Алғашқы сөз алған Е.Уәйіс Тәуелсіз Қазақстан Республикасын қалыптастырудағы Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың ерен еңбегін атап өтіп, өмір жолдарының ең айшықты тұстарын әңгімелеп берді. Келесі сөз алған У.Ибраев тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы сын-қатерлерді айта келіп, оны еңсерудегі Елбасының сарабдал саясатын түсіндіріп өтті.

Шара барысында мектеп оқушылары тарапынан «Нұрсұлтанның балалық шағы, отбасы» және «Н.Назарбаевтың от-жалында шыңдалу кезеңі, еңбек жолы» тақырыптарында мазмұнды баяндамалар оқылып, танымдық бейнероликтер көрсетіліп, «Елбасыға арнау», «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» әндері мен өлеңдері айтылды.

Мерекелік шараны қорытындылаған мектеп-гимназия директоры Батырбек Абиев қонақтарға алғысын білдіріп, оқушыларды білім мен ғылымның жетістіктерін игеріп, Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің тұғырын биік ұстауға шақырды.

 

 

Гүлжан Ибраева,

тарих пәнінің мұғалімі, магистр