Гаухар Әлімбекова 6 жылға сотталды
- Подробности
- Категория: Даңқ пен Дақпырт
Елімізге белгілі әнші Гаухар Әлімбекова 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгін Алматы қаласының Алмалы аудандық соты осындай үкім шығарды. Әлімбековамен сот отырысына қатысқан оның інісі мен сіңлісі судия үкім оқығанша, Гаухар ақталады деп сенімді болған еді. Алайда сот залында әншінің қолына кісен салынды.
Найзағай болмыс
- Подробности
- Категория: Риясыз әңгіме
Зейнет Караман
Аудармамды Түлкібас аудандық емханасының невропатологы Байрамов Зауыр Элбайоғлына арнаймын
«Мың кісінің алғысын бір сәтте алатын әлемдегі жалғыз адам –дәрігер ғана».
С. Демирел
Дәрігер – бұлт ішінде ойнаған найзағай тәрізді. Найзағайсыз аспан көгі тазармайды, адамның да көңілі де солай. Жанға дәру болар бір ауыз сөз бен жылы шырай тантуы арқылы дәрігер көңіл көкжиегін жұпар апа боп тазартады. Өмірге ғашық жандарды бұлтты жарған найзағайдай ақ жауынға бастап, көгіршін көңілді жайма шуақ күнге жетелейді.
2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз жорамал
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігінің 2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз жорамалын ұсынамыз.
Зодиак белгілерінің көпшілігі үшін жылдың екінші айы түсінбестік аясында, оқиғалардың былықпа болуымен өтеді. 2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдызнама жұлдыз белгілерінің барлығы үшін өмірдің түрлі салаларына қатысты көптеген күтпеген құбылыстар дайындап қойды. Біреуінің махаббатта жолы болса, басқалары ақшасыз қалады, ал тағы біреулері мансаптық серпіліс жасауы немесе өз бизнесін басқаруы мүмкін. Сондай-ақ өз жобаларын уақытында іске асыра алмайтындар да болады. Сондықтан, сынық кіршінің жанында отырып қалмау үшін астрологтардың болжамына бір уақыт қарап тұру керек.
Адымдарым үшін рақмет!
- Подробности
- Категория: Риясыз әңгіме
Гүнай Текин
Аудармамды Аббасов Мұстафаға арнаймын.
Аббасов Мұстафа - өзінің саналы ғұмырын жүйке ауруларын емдеуге арнаған жан. Түлкібас аудандық емханада ширек ғасырға жуық уақыт қызмет атқарып келеді.
«Жақсы дәрігер – сенім падишаһы» Р.Гамзатов
Гүл ғұмырдың тұғыры - дəрігер
- Подробности
- Категория: Риясыз әңгіме
Құм жасырған тағдырлар (4- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикаят)
Мәңгі құмда қалғандар
Асанбайды Садықбек көлігімен аудан орталығына әкелді де автобусқа салып жіберді. Туып өскен ауылы «Қойлыққа» екі күнде жетті. Бұрынғыдан да тозып кетіпті. Әктелмеген дуалдардың көленкесінде ойнап жүрген балалар бұған таңырқай қарайды. Өзі тұрған көшеге бұрылды. Өз үйін көрді де жүрегі шымырлап кетті.
Үйінің есік терезелері жоқ, есекқора болып кеткендей. Көше бойлап жүре берді. Бейтаныс қонақтың кім екенін білгісі келгендей адамдар үйлерінен шығып тесіле қарайды. Әбірей болғанда қара көзілдірікті мұны ешкім танымаған сынайлы. Бұл көбісін танып келеді. Анау есек арбамен шөп алып келе жатқан Йулдаш ақсақал. Әлі тірі екен.
Құм жасырған тағдырлар (3- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикаят)
Мәңгі құмда қалғандар
Қарашаның суық желі шөп біткеннің басын дірілдетіп тұрған. Күндегідейден ерте тұрған Садықбек киіз үйдің сықырлауық есігін ашып сыртқа беттеді. Күн әлі көтерілмепті. Күншығыс жақ жаңа ғана қызарып келеді. Күзгі суық денеді қариды. «Малды енді қораға қамау керек екен-ау» деп ойлады іштей Садықбек. Асанбай да тонып қалған шығар-ау. Үй артынан Асанбайдың жөтелген даусы шықты. Сәл күн суытса осы жөтелі ұстайды. Өкпесі кеткен болар. Қысымен күрк-күрк жөтелден өзбекі шапаны селкілдеп жүреді.
– Асанбай тонып қалған жоқсың ба? – деді Садықбек үй айналып.
– Ә, суық түсіп келеді. Қыс жақындады ғой.
Құм жасырған тағдырлар(2-бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(Хикаят)
Болашақсыз бала шақ
Садықбек үй жанында құмда ойнап жүрген үш баланың қасына барды. Кеше шешелері кеткенде «енді келмейді» деп жылап жүр еді, енді мүлде ұмытқандай үшеуі де құмды сызып ойнап жүр.
– Не істеп жатырсыңдар? – деп сұрады Садықбек оларға сәл қызықтап қарап тұрып.
– Жазу жазып жатырмыз, - деді үлкені Азат қолындағы таяқшамен жерді шимайлай түсіп.
– Қане, қандай әріп білесің, жазшы, – деді қызыға.
Азат борпылдақ құмның бетіне ұзын сызықша сызды да басына кішкентай дөңгелек салды.
– Бұл қандай әріп?
– А!
Құдабалам күйеуім сыйлай алмаған ләззатты сезіндірді
- Подробности
- Категория: Сырласу
Ерланмен қайнымның тойында таныстық. Қалыңдық жағынан жекжаттардың бірі. Жанында толықша келген, қысқа шашты әйелі болды. Тойда билеп жүріп, ара-арасында сөйлесіп үлгеріп, арамыздан бір ұшқын шарпып өтті.
Бір аптадан соң күндіз кездестік. Пәтерді жалға алып, аптасына бір рет кездесетін болдық. Бірде бұл жүрісімді күйеуім біліп қала жаздады. Ерлан хабарлама жазған еді, соны оқып отыр едім, күйеуім біреумен «смс» жазысып жүрсің бе, деп бас салғаны. Ауа-райы туралы кепті деп зорға құтылдым.
Бір уақытта әйел адам екі ер адамнан жүкті болып қалды
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Ұлыбританияда гей-жұп суррогат ананың көмегімен сәбилі болды.
Оған екі азаматтың да ұрығы салынған. Саймон мен Грэм сәбилі болғысы келіп, суррогат ананың қызметіне жүгінген. Нәтижесінде олар әйелге 12 млн теңгеден аса ақша төлепті, деп хабарлайды stan.kz
Құм жасырған тағдырлар (1- бөлім)
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
(хикаят)
Садаған өрілген қамшысын қонышына қыстырып үйге кіргенде:
– Мамам енді келмейді, бізді тастап кетті-і-і.. – деп жылап отырған үшеуге көзі түсті. Жаңа ғана босанғалы кеткен қол астындағы қойшысының әйелінің еріп келген балалары. Үлкені Азат биыл бесінші сынып оқуы керек. Екіншісі қыз, Әйгерім, үшінші сыныпқа барса керек-ті. Кішісі Данияр да жеті жастан асып отыр.
Алғаш інісінің үйінде көргенде-ақ ұнатпап еді осы әйелді. Қойшыларға тамақ істеп, тезек илеп жүрген екен. Көп өтпей-ақ көш жердегі мұның шопанымен танысып, көңіл қосып, мұның отарына келіп алған. Сөзі сұйықтау, әрі бала-шағасы шұбырған әйелге іші жылымап еді. Бірақ, іштей аяп келісім берген. Екеуін қосып тынған. Өтірік қосып сөйлейтіні болмаса, іске тыңдырымды әйел екен.
Әйел адамның ішіне кірген 1945 жастағы жынмен сөйлестім
- Подробности
- Категория: Тылсым дүние
Берік Ерболатұлы түсінде Мұхаммед пайғамбар аян беріп, бақсылық жолға түскенін айтады. Медицина емін таба алмаған ауыр дертінен айыққан ол 2012 жылдан бері адам емдеп келеді.
Түсінде пайғамбар аян беріп, емшілік жолмен жүру керек деп ескерткелі бері Берік Ерболатұлы күнде түске дейін кісі қарап келеді. Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылының тұрғыны ем үшін бірде-бір дәрілік шөп немесе медициналық препараттарды қолданбайтынымен ерекшеленеді. Дертіне дауа іздеп келген адамдарды аспаптардың көмегімен емдейді. Емшілік еткен төрт жылдың ішінде талай адамды ауруынан құлан-таза айықтырғанын айтады.
Қашып жүрмін
- Подробности
- Категория: Проза
Бақтыгүл Ауданова
Жазбай таныдым. Айсұлу. Сәл ғана әбіржігені болмаса, сол баяғыдай сұлу.
– Айсұлу! – дедім оны тоқтатпақ болып. Жан-жағына алақ-жұлақ қарады да бауырындағы баласын қыса түсіп жүрісін тездетті.
– Айсұлу!..
Ол кетіп барады. Тоқтар емес. Бейне бір ұрлық жасап қойған адамдай. Ізінен жүгіріп жетіп бардым да иығына қолымды салдым.
– Неге тоқтамайсың? Мені таныдың ба? Ол әлденеден қорыққан жанарымен маған ұзақ қарады.
– Танымадың ба? Мен...
– Таныдым, – деді ол. – Енді таныдым.
Тырнақ –денсаулық көрсеткіші
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Біле білген адамға тырнақтың «хал-ахуалы» оның денсаулығынан хабар береді. Тырнақтағы ақ ноқаттар, тегіс емес болуы және сарғыштануы – әлдеқандай аурудың белгісін білдіреді.
1. Сүреңсіз тырнақтар
Өте сүреңсіз тырнақ қабаты кей жағдайларда қауіпті ауруларды білдіреді. Мысалы: қан аздық, жүрек ауруы, бауыр ауруы сүреңі қашқан тырнақтар арқылы белгі береді. Сонымен қатар, тырнақтың үстіңгі қабатының сүреңсіз реңі тамақтанудың жеткіліксіздігін аңғартады.
Страница 137 из 213
Соңғы жаңалықтар
- СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
- Қазақстанға әкелінген қызанақ дәнінен қауіпті вирус анықталды
- "Бірнеше миллион теңгеге дейін": желіде біреуге тіл тигізгеніңіз үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
- Президент көп талқыға түскен заңға қол қойды
- Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты
- Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
- Әттең...(Әңгіме)
- Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
- Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
- Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
- Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Президентке есеп берді
- Мұнайлы ауданында Құлсарылықтарды қабылдау жалғасуда
- Қызылорда облысында 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
- Алматыда жас жігітті соққыға жығып, аяусыз тепкілеген күдікті ұсталды
- Петропавлда дәрігерді ұрып, кейін ер адамды пышақтаған жасөспірім сотталды
- Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды
- БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған
- Бейуақта көзге көрінгендер
- Өткенді еске алсам Ильич шамы
- Абай облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru