Наина Рани есімді әйел 8 желтоқсанда жоғалып кеткен. бастапқыда полиция оны көңілдесімен бірге ауылдан қашып кетті деп топшылаған. Алайда арада бірнеше күн өткеннен кейін жергілікті фермер қап тауып алған. Оның ішінде әйелдің мүрдесі болыпты. Полиция оның кім екенін анықтай амлаған. Артынша Ранидің ата-анасы мүрдемен бірге табылған әшекейдің қыздарына тиесілі болғанын айтқан, деп хабарлайды Times of India басылымына сілтеме жасап Stan.kz.
Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды.
Бұл туралы Президент 12 сәуірде өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. "Үкімет пен әкімдіктер зардап шеккен адамдарды орналастыру, оларға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс.
Қазір бұл жұмыстар атқарылып жатыр. Эвакуациялық пункттердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау керек. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажет.
Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деді Президент.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.
Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
Пәкістан мен Үндістаннан келген екі азаматы есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың бірі Алматыдағы жоғары оқу орындарында оқиды.
«Өздерінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін күдіктілер жеке тұрғын үйді жалға алған. Тұрғын үйді тінту кезінде сатуға дайын аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі, зертханалық жабдықтар, прекурсорлар табылып, тәркіленді.
Шетелдіктердің бірлесе жұмыс істегені анықталды, олардың бірі есірткіні қайнатса, екіншісі оны жасырып қою арқылы таратқан. Іздестіру шаралары қаскөйлердің тұрғылықты жерінде де жүргізілді. Олар синтетика салынған орамдарды жатын бөлмесінде сақтаған. Тәркіленген синтетикалық психотроптық заттардың жалпы салмағы 4 келіден асты. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
Наурыздан бастап қазақстандықтар түрлі вирусқа қарсы екпе алуға міндеттеледі. Бұл туралы Денсаулық министрлігі хабарлаған еді.
Министрлік мәліметінше, енді медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін екпе алуға болады.
Адам папилломасы вирусы туғызған аурулар міндетті профилактикалық екпе жүргізетін аурулардың тізбесіне енгізілді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Massaget.kzке сілтеме жасап.
Міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
-b типті гемофильді инфекция;
-дифтерия;
-көкжөтел;
-қызылша;
-қызамық;
-пневмококк инфекциясы;
- полиомиелит;
- сіреспе;
- туберкулез;
-эпидемиялық паротит;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
- дифтерия;
- көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
- күйдіргі;
-құтырма;
- қызылша;
- қызамық;
- оба;
- сіреспе;
- туляремия;
- тұмау;
- іш сүзегі;
- эпидемиялық паротит.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын ескере отырып, 6 жастағы балаларды (1-сынып) туберкулезге қарсы ревакцинацияланбайды;
Министрлік өкілдерінің айтуынша, профилактикалық екпелерге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті.
Бірақ қазақстандықтар вакцинациядан бас тартуға құқылы. Бұл Кодекстің 77-бабында айтылған.
Республикада профилактикалық екпелер туралы деректерді тіркеу мақсатында "Вакцинация" модулі жұмыс істейді. "Вакцинация" модулі - вакцинациялар туралы деректер қоры.
Денсаулық сақтау министрілігі екпе алатындарға кеңес берді.
"Профилактикалық екпелер туралы ақпаратты ресми және сенімді дереккөздерінен алу қажет. Вакцинациялау туралы ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттар мен аккаунттарда орналастырылады. Сонымен қатар, вакциналар туралы толық ақпарат алу үшін EGU.kz платформасына және вакцинациялау бойынша Call-орталыққа (жедел желі нөмірі 7701) жүгінуге болады", - делінген хабарламада.
СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
Атырауда ұсазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Келін ата -енеге төсек салғаны дұрыс па?
- Подробности
- Категория: Сырласу
Сәлем "Сырласу" саған алғысым шексіз. Жұмыстарыңа табыс тілеймін ! Аты -жөнімді анонимді берсеңіздер екен. Жасы үлкен әпкелерден ақыл кеңес керек. Сұрайын дегенім ,келін ата -ененің төсегін салған дұрыс па ? Күнде салып таңертен жинаймын. Ата - енем жас кісілер.
Аллаға шүкір ,денсаулықтары да жақсы. 1972 жылғы. Атам жұмыс істейді, алтын адам.
«Марқұм» әйел өзінің мүрдесін өртеп жібергеннен кейін үйіне қайтып келді
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Үндістанның Патиала қаласының тұрғынын туысқандары өлдіге санап, мүрдесін өртеген. Артынша «марқұм» әйел үйіне қайтып келді.
Күйеуімнің досынан жүкті боп қалдым
- Подробности
- Категория: Сырласу
-
Сәлеметсіздер ме, құрметті әпке-сіңілдер, ардақты оқырман! Менің атым жасырын болатынына сенімді болған соң осында жазып отырмын. Менің жасым 20-да. Күйеуіммен ажырасқаныма жарты жыл болды. Екеуміз заңды некеде турмаганбыз. Ол екеуміз үйленбей тұрып жақын қатынаста болып қойған едік, үйленетінімізге сенімді болдық. Содан кейін бірнеше ай кездесіп жүрдік. Сол кезде күйеуімнің жолдас баласы менің кыз емес екенімді біліп жыныстык катынаска күштеп апарды. Осы жағдай бірнеше рет қайаланды. Егер менімен болуға келіспесең, ата-анаңа бəрін айтамын, менімен болып жүргеніңді айтамын деді, мен катты қорықтым ешкімге айтпадым.
2019 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұр: Әйгілі астрологтің болжамы
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
2019 жыл жақсы жыл деп күтіледі. Жұмыс пен жеке өмірде үзілістер көп болады. Астролог, Украинадағы «Экстрасенстер шайқасының» жеңімпазы Юлии Кацманның айтуынша, көп адам өз махаббатын жолықтырады.
Бұл жылы денсаулыққа көп көңіл бөліп, алкогольді ішкенде сақ болған жөн.
Алдағы жылдың символы – Сары доңыз. Қытай күнтізбесі бойынша, жыл 5 ақпаннан басталады. Жаңа жылда қоңыр, сары, жасыл түсті киім кигеніңіз абзал. Сонымен қатар көк, күлгін, алтын түстес, қара, ақ түстерді де киюге болады.
Сіз сағат қаншада туғансыз?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Сағат 24.00 мен 2.00 арасында әр нәрсені білуге құмар және ынталы жандар дүниеге келеді.
Сағат 2.00 мен 4.00 арасында әр нәрсені керегіне жаратып, жұмысқа шын ықыласымен кірісетін адамдар туылады.
Сағат 4.00 мен 6.00 арасында тік мінезді, әрдайым тәртіпке бағынатын адамдар туылады.
Сағат 6.00 мен 8.00-де туылған адамдардың жан дүниесі өте сезімтал, арманшыл келеді.
Сағат 8.00 мен 10.00 аралығында тартымды да адамгершілігі мол жандар туылады.
Сағат 10.00 мен 12.00-де мансап жолын қууды жөн көретін, атаққұмар адамдар туылады.Жойқын цунами концерт өтіп жатқан сахнаны шайып кетті
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Индонезиядағы цунамидің салдарынан қаза тапқандардың саны 281-ге жетті.
Ал зардап шеккендер 1016-ға, із-түссіз жоғалғандар 57-ге жетті. Жүздеген үйлер қираған. Цунами Анат-Каракатау жанартауы атқылағаннан кейін суасты көшкіні салдарынан болды деген болжам бар.Табиғи апаттармен күрес агенттігінің өкілі жариялаған кадрлардан цунамидің зардаптарын көруге болады - көшелерді су басып, көліктер аударылған. Әлеуметтік желілерде Seventeen жергілікті рок тобы ән айтып тұрған жағалауда толқынның музыканттарды сахнадан шайып әкеткені түсірілген видео жарияланды.Корпоративке барасыз ба?
- Подробности
- Категория: Мырс етер
(жаңа жылдық әзіл әңгіме)
Сайлау Байбосын
Жаңа жыл жақындаған сайын, былтырғы жылғы «корпоратив» есіме түсе береді. Дәл 31-інші желтоқсан күні кәллектип болып жиналып едік-ау! Бұрын «корпоратив» дегенге кiм ба¬рып көрген, шынында керемет екен! Қызметтес қыз-келiн¬шектер қосақтарын ертпей, өздерi ғана келiптi. Тәртiп солай көрiнедi. Мен де «бойдақ» болып барғанмын. Сонымен не керек, жаңа жылды, қазақша айтқанда, әкесiн танытып тұрып тойладық. Бәрiнен қызығы, мен қасқыр болып, директордың хатшысы сылаңдаған Сұлубике қоян болып киiнiп, екеумiз қуысып ойнап жүрiп, қалың жұрттан бөлiнiп кетiппiз... Артынан бiрақ бұл қылығым үшiн директорымыздан қатаң сөгіс алдым...
«Жасанды емес, шынайылық бəрібір де биік тұрады...»
- Подробности
- Категория: Даңқ пен Дақпырт
Ақыл Алдаберген әнші
Ақыл, сұхбатымызды өзіңізбен жақын танысудан бастасақ...
1996 жылы Сыр елі -жыр елінде өмір есігін аштым. Қарапайым қазақы отбасында үш баламен бірге тəрбиелендім. Екі мың төртінші жылдан ата-анаммен Алматыға қоныс аудардық. Биыл ғана ҚазҰУ-ды бітірдім. Əнге деген – асқақ махаббат жолында азды-көпті еңбек қылып жүрмін.
Əн салуға деген құштарлық қай кезден бастау алды?
Тіл шығып сөйлей бастағаннан басталды.
Мен сені жақсы көрем...
- Подробности
- Категория: Поэзия
Қалбай Әбдіраманов-1947жылы 15 мамырда Қарақалпақстан Республикасының Беруни ауданында туған.1974 жылдан КСРО Журналистер Одағының ,1980-жылдан КСРО Жазушылар Одағының мүшесі.Бананның адам ағзасы үшін 22 пайдасы
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
1. Банан депрессиямен күресуде көмектеседі. Оның құрамында триптофана заты бар. Бұл триптофаннан қуаныш гормоны серотонин синтезделеді. Сондықтан бір банан жеп көңіл күйді айтарлықтай жақсартуға болады.
2. Банан әлемдегі аллергия тудырмайтын жалғыз ғана жеміс. Тіпті жас нәрестелерде де банан ешқандай гиперсезімталдық яғни аллергия көріністерін бермейді.Аурухананың алдына жиналып, үйсіз-күйсіз иесін күтіп отырған иттер дәрігерлерді жылатты
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Бразилияда қаңғыбас ер адам ауруханаға барып, дәрігерлерге жүгінген. Осы кезде бірнеше ит аурухананың алдында жиналып, ер адамды күтіп, кетпей отырған.
Бұл туралы The Dodo порталына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Санта-Катаринадағы аурухананың қызметкері Крис Мампримнің сөзінше, 9 желтоқсанда түнгі сағат 3-тердің шамасында үйсіз-күйсіз ер адам ауруханаға келген. Сезар есімді ер адам ауруды басатын дәрі сұрапты. Алайда ол әдетте басқа ауруханаға қаралып жүргендіктен, дәрігерлерге ол туралы мәлімет алу үшін біраз уақыт қажет болыпты.
Алты рет түсік тастаған әйел маймылдың арқасында жүкті болғанын мойындады
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
-
Алты рет түсік тастаған әйел маймылдың арқасында жүкті болғанын мойындады
Ұлыбританиядағы Колчестер қаласының хайуанаттар бағында Раджанг атты 50 жастағы орангутан өліп қалды. Ол жергілікті тұрғындардың жақсы көретін жануары болған екен. Тіпті, бір әйел 6 рет түсік тастағаннан кейін маймылдың арқасында сәбилі болғанын айтты.
Алты рет түсік тастаған әйел маймылдың арқасында жүкті болғанын айтты.Тележүргізуші Асхат Садырбай тәнін жалаңаштап танылған қыздардың әрекетін сынға алды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
“Ол қыздар тәнін жалаңаштап xайп жасаудан жарысқан жоқ. Оларды желтоқсанның қақаған аязында мұзға отырғызып қойып су шашты. Ол қыздар инстаграм арқылы танымал болып ток-шоуларға барып жұртқа ақыл айтқан жоқ. Олар алаңға әр ұлттың өз көсемі болсын, қазақты қазақ басқарсын деп шықты. Олардың ақылдылығы елдің болашағы үшін алаңдауында еді. Оларды сол үшін оқудан қуып, жатақxанадан шығарып жіберді.
Бір өліп тірілген күн...
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Гүлмәриям Барманбекова1986 жылдың 17- Желтоқсаны. Телеарна терезесінің дәп түбінде болып жатты ғой бәрі. Ақша бетін қан жуған қара көздер шырылдап келіп столымыздың астына тығылған. Дәлізде кетіп бара жатқан орыс әріптесім: «Сволочи! Националисты!» – деп, өз сөзінің уытына булығып алған. Дәп жүрегімнің түбінен қанжармен осып жібергендей болды. Терезеге жақындадым. Желтоқсан көшесінің бойындаүлкен жүк машинасы тұрды.Страница 145 из 213
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Көктемнің мың бір түні...
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- «Кедейліктің қорлығын-ай. Әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты… »
Соңғы жаңалықтар
- СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
- Қазақстанға әкелінген қызанақ дәнінен қауіпті вирус анықталды
- "Бірнеше миллион теңгеге дейін": желіде біреуге тіл тигізгеніңіз үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
- Президент көп талқыға түскен заңға қол қойды
- Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты
- Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
- Әттең...(Әңгіме)
- Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
- Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
- Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
- Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Президентке есеп берді
- Мұнайлы ауданында Құлсарылықтарды қабылдау жалғасуда
- Қызылорда облысында 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
- Алматыда жас жігітті соққыға жығып, аяусыз тепкілеген күдікті ұсталды
- Петропавлда дәрігерді ұрып, кейін ер адамды пышақтаған жасөспірім сотталды
- Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды
- БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған
- Бейуақта көзге көрінгендер
- Өткенді еске алсам Ильич шамы
- Абай облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
Сырласу
Күйеу баламның көзіне күйік болдым
Айналайын, қарақтарым! Есімім - Гала. Ұзақ жылдар ауруханада терапевт болып, елдің алғысын алған əй...Сырласу
Басқа жігітті сүйіп қалдым
Мен сіздерге алғаш рет хат жазып отырмын. «Сырласу» да көптеген қыз –келіншектер тағдыры, басынан к...Тылсым дүние
Анасының аруағымен тілдескен жігіт
Кішкентай кезімде өзімнен бір-ақ жас үлкен әпкеммен ойыншыққа таласып, жиі ұрысып қалатынмын. С...Тылсым дүние
ЕСКІ ҮЙДЕН КЕЛГЕН ЕЛЕС
Асығыс көлігін оталдырған ол барынша тез жылдамдықпен жүріп кетті. Қашып келеді. Бұл жолы өз үйінен....Сырласу
Түс туралы қызықты деректер
Көргеніміз ғана түсімізге енеді. түсімізде мүлдем бейтаныс адамдар пайда болады. Шын мәнінде,...Сырласу
Еріңізді қалай тамақтандырасыз?
Дәмді тамақ жегенді қаншалықты ұнатасыз? Ал еркектердің жүрегіне жол тарту асқазан арқылы да екенін ...Тылсым дүние
АТАМНЫҢ БЕЙМАЗА ЖАНЫ
(кейіпкердің әңгімесі) Пердені кім желпиді? Өмірде шынайы болған оқиға жайлы айтпақшымын. Оған ...Сырласу
Күйеуімнің сезімін өшіріп алмас үшін сондай қадамға бардым...
«Әр кәллада бір қиял» демекші, менің іс-әрекетіме біреулер күліп қарар, енді біреулеп сынап-мінер, б...Тылсым дүние
Түнде кезген елес...
Мұны кім қалай түсінсе де өз шаруасы. Бірақ бұл – болған оқиға. Ол кезде 22 жастамын. ҚазМУ-ға оқуға...Сырласу
Әйелі бар екенін біле тұра, оған деген сезімім өртеп барады
Саламатсыздар ма! Қалдарыңыз қалай, құрметті оқырман? Жаным жай таппай жүргеніне бірне...Тылсым дүние
Өліп тірілген адам
1996 жылы мен Атбасарда емшілікпен айналысып жүрген Алмас әулие дегенмен кездесіп, сөйлестім. Одан е...Сырласу
Келінім мені кешірді
Басындағы бақты кеш білетін адамның қашанғыдан бергі əдеті десем, артық айтқаным болмас. Менің де..."El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru