Неліктен адам жасы ұлғайған сайын тез шаршайды?

 

Күнделікті күйзелістер, жұмыстағы және үйдегі проблемалар, зиянды әдеттер: бұл факторлар бізге кез келген жаста жағымсыз әсер етеді.

 
Алайда, есейген сайын адамның сыртқы тітіркендіргіштерге де, табиғи жас ерекшелігі өзгерістеріне де қарсы тұруы қиындай түседі. Ұзаққа дейін жігерлі болып қалу үшін өз өміріңізге жауапкершілікпен қарауды және жастықты созатын құпияларды білу маңызды.
 
40 жастан кейін ағзада елеулі өзгерістер орын алады: гормондар деңгейі төмендейді, жасушалар мен ішкі органдардың қартаюы жылдамдайды, тері өз серпімділігін жоғалтады. Сондай-ақ метаболизм баяулайды, зейін қою төмендейді және есте сақтау нашарлайды. Бұл өгерістер мына факторларға байланысты:
 
Мидың табиғи қартаюы
Жас ұлғая келе қан айналым жүйесі нашарлайды. Ол оттек жетіспеушілігіне, сәйкесінше, жалпы шаршаңқылыққа, есте сақтау мен зейін қоюдың нашарлауына әкеледі.
 
Метаболизмнің баяулауы
Тамақтану тәртібінің реттелуіне жауап беретін аралық ми бөлімі 40 жастан кейін сезімтал бола түседі. Ол зат алмасудың баяулауын ынталандырады және жиі артық май массасының пайда болуына әкеледі.
 
Етеккір үзілісі
Әйелдер 45-50 жасқа келгенде климакстың алғашқы белгілерін сезеді. Аналық бездің қызметтері төмендейді және ұйқысыздық пайда болады. Климакс кезіндегі зат алмасу процестерінің баяулауы артық салмақтың қосылуы мен хал-жағдайдың нашарлауын шақырады.
 
Когнитивті процестер
Адам есейген сайын қанағаттану сезіміне жауап беретін гормонның — дофаминнің деңгейі төмендейді. Ол когнитивті қызметтерді, яғни, зейін қою, жаңа ақпаратты жаттау, сөйлеуді дамыту қабілеттерін қамтамасыз етеді. Ағзада дофаминнің азаюы уақытты қабылдаудың өзгеруіне ықпал етеді. Сондықтан да адам есейген сайын оған уақыт жылдам өтіп жатқандай көрінеді.
 
Жылдам шаршап қалатыныңызды сезе бастасаңыз, не істеу керек?
 
Жоғарыда айтылған факторлардың ағзаға әсерін азайту үшін оларға қарсы тұруды үйрену маңызды. Егер күннен күнге энергияңыз азайып жатқандай көрінсе, өз өміріңізді өзгертуді қолға алу керек.
 
Ағзаңызға не болғанын анықтаңыз
 
Ауыр жұмыс күнінен соң немесе спортзалдағы жаттығудан кейін өзіңізді шаршаңқы сезіну қалыпты жағдай. Егер демалыс күндері де шаршаңқылық және жабырқаңқылық сезімі кетпесе, ағзаға не болғанын анықтау қажет. Үнемі шаршаңқы жүру депрессияның, қалқанша безі проблемасының, анемияның және басқа да аурулардың себебі болуы мүмкін. Оны анықтау үшін дәрігердің көмегіне жүгіну керек.
 
Ұйқының сапасын бақылаңыз
 
Егер соңғы кездері зейін қою қабілетіңіздің нашарлағанын байқасаңыз, дұрыс емес немесе жеткілікті ұйықтамауыңыз мүмкін. Ұйқысыздық тек сыртқы келбетке жағымсыз әсер етіп қана қоймай, есте сақтау проблемасының пайда болуын шақыруы мүмкін.
 
Көкеттік тыныс алуды меңгеріңіз
 
Көкеттік деп көкеттің кеуде және іш бөлігі белсенді жұмыс істейтін тыныс алуды айтады. Бұл жағдайда қозғалыс іш бұлшықеттерінің қысқаруының арқасында жүзеге асады. Көкеттік тыныс кеудемен тыныс алуға қарағанда омыртқа мен иыққа қауіп төндірмейді. Мұндай тәжірибе қандағы оттек деңгейін арттырады, ентігумен күресуге көмектеседі және жүрек-қан тамырлар жүйесі жұмысын жақсартады.
 
Миды қажет емес ойлардан босатуды үйреніңіз
 
Заманауи өмір ырғағы миға күш түсіреді, үрей мен түкке тұрғысыздық сезімінің жиналуын тудырады. Сананы қажет емес ақпараттан және жабысқақ ойлардан арылту арқылы маңызды міндеттерге орын босатасыз. Ол үшін қазіргі уақытқа мән беруге тырысып, осы шақта өмір сүріңіз. Миға қажет емес ақпарат жиналмас үшін әлеуметтік желілерде және теледидар алдында өткізетін уақытты барынша азайтыңыз.
 
Дұрыс тамақтаныңыз
 
Дұрыс тамақтану рационы — денсаулықты сақтаудың ең дұрыс әрі қарапайым әдісі. Егер жасқа тәуелді болмай, әркез өзіңізді жақсы сезінгіңіз келсе, кофе, шай және басқа да сергітетін сусындарды азайтыңыз. Тәттілер мен фастфудты пайдалы тіскебасарларға (сүзбе, жемістер, жаңғақтар) ауыстырыңыз.
 
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz

Түрікменстан хроникасы: жұрт аш, билік әйелдермен күресуде — БАҚ-қа шолу

 

Елде азық-түлік дағдарысы жалғасуда, оған дәрі-дәрмек тапшылығы да қосылды.

Түрікменстанда сыртқы келбетке қойылатын қатаң талаптар медициналық мекемелерге де таралды, деп хабарлайды Азатлык.

Елдің кейбір аудандық ауруханаларында пациенттерден дәстүрлі түрікмендікке ұқсайтын белгілі бір сәнмен пішілген киім кию талап етіле бастаған. Тіпті оны өзіңізбен бірге әкелуіңіз керек екен. Мұндай жаңалық әйелдерге де, ерлерге де қатысты.

Әйелдер кең ұзын көйлек киюі керек және орамал жауып жүруі тиіс. Ер адамдар үшін қысқа жеңді ақ мақта футболкалар және қара түсті кең түрікмен шалбарлары рұқсат етілген.

Тыйым бұзылған жағдайда жаңадан келген науқастарға ауруханадағылар жатқызудан бас тартуы мүмкін

— Енді пациенттер денсаулығының жай-күйіне емес, олардың сыртқы түрінің жаңа аурухана талаптарына сәйкес келуі керегіне таң. Әйелдер дәрігерлерді күтіп алуы тиіс, барлық процедураға, екпе салдыруға және массажға орамалмен баруы керек. Науқастарға егер олар жаңа талаптармен келіспесе, үйіне қайтуы мүмкін деп ескертті”, — деді дереккөздердің бірі.

Әзірге мұндай жағдайлар бірнеше облыстық ауруханада ғана тіркелген. Олардың бірінде мұндай киім кодын енгізудің себебі деп денсаулық сақтау министрлігінен келетін тексеру деп түсіндірілді. Басқалары бұл бұйрық жоғарыдан екенін айтып, ештеңе түсіндірмеген.

Бұған дейін елдегі ауруханаларда пациенттердің сыртқы киіміне тыйым салынбаған, арнайы киім қажет емес еді.
Ал стационарларда жағдайы қиын, дәрі-дәрмек жетіспейтіні анықталып отыр.

— Әдеттегідей дәрі-дәрмектерді пациенттердің өздері әкелуі керек. Онкологияда есірткі құралдарының жетіспеушілігі өршіп тұр, олар қатты ауырсынады, әдеттегі ауырсынуды басатын дәрілер әсер бермейді. Кейбіреулер оларды жақындары үшін сатып алып, азаптан арылту үшін пара береді, — дейді облыстық ауруханалардың біріндегі ақпарат көзі.

Ауруханаларда пациенттерге ұсынылатын дәрі-дәрмектердің тізімі өте шектеулі. Әдетте ауырсынуды басатын дәрілер, валерианка мен дәрумендер беріледі.

Көптеген қажетті дәрі-дәрмектерді алу үшін таныс іздеуге немесе пара беруге тура келеді

Науқастар тамақты да өздерімен бірге әкеледі екен.

Ал билік әйелдердің мінез-құлқын бақылауды күшейтуде

Сонымен қатар, полиция елді мекен көшелерінде әйелдерді сыртқы келбетіне байланысты ұстауды жалғастыруда. Оларға макияж, маникюр, тар көйлек, джинсы немесе ер адаммен бірге жүргені үшін айыппұл салынуы немесе полиция бөлімшесіне жеткізілуі мүмкін.

Мемлекеттік сектор мекемелері мен кәсіпорындарында

Әйелдерден биліктің барлық талабы мен киімге қатысты тыйымдарын орындауға қолхат алу жалғасып жатыр

Қазіргі уақытта бұл Ашхабадтың барлық мемлекеттік мекемесінде болып жатқан жағдай, оның ішінде медициналық мекемелер де бар.

Мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметкер әйелдерінен қолхат Марада алып басталған. Олар косметиканы пайдаланбауға, шашты боямауға, маникюр жасамауға, тырысып тұратын киім киюге және сыртқы тартымдылықты күшейтудің қосымша әдістерінен аулақ болуға міндеттелді. Оның үстіне,қолхаттарда дәстүрлі пішілген кең көйлектер мен кестелі шалбарын кию туралы талап бөлек жазылған

Сыртқы келбетке қойылатын талаптардан басқа, билік олардың мінез-құлқын да бақылауды күшейтеді.

«Хроника Туркменистана» тәуелсіз басылымы Лебап уәлаятында Білім министрлігінің қызметкерлері, хякимликтер мәдениет бөлімдерінің және әйелдер одағы мен Жастар Одағының жергілікті бөлімшелерінің өкілдері мектептерде жоғары сынып оқушыларымен жиналыстар өткізіп жатқанын хабарлады. Қыздарға ұлттық дәстүрлердің ролі түсіндіріліп, болашақ аналар ретінде өз балаларын тәрбиелеуге жауапты екені айтылады, сондай-ақ «ботоксты пайдалану тек табиғи сұлулықты бұзумен қатар, онкологиялық ауруларға да әкеп соғуы мүмкін» деп ескертіп жатқаны айтылады».

Сонымен қатар, басылым Лебап Велаят полициясына саябақтарда жақын жүрген ерлі-зайыптыларға әрқайсы 300-350 айыппұл салу тапсырылғанын хабарлайды. Егер олар студенттер болса, оқу орнының басшылығына шара қолдану туралы ресми хат келеді екен, өйткені олардың тәрбиесіндегі адам «көпшілік орындарда әдепсіз қылық көрсетті деп бағаланады».

Ал Түрікменстан үкіметі әйелдерге ресми түрде тыйым салған жоқ және шаралардың бірде-біреуіне қатысты түсінік бермеген.

Азық-түліктер қайда кетіп жатыр?

Ал осы уақытта Марий уәлаятының мемлекеттік дүкендерінде халыққа қажет азық-түлікпен қамтамасыз ету жағдайы нашар деңгейде. Азық-түлік жеткізілмейді, бірақ субсидияланған өнімдер бар жерде олардың сапасы өте нашар.

“Халыққа өте нашар сапалы азық-түлік ретінде берілетін ұнда кебек бар, жәндіктер бар”, — дейді Мара тұрғыны.

Жақында Түрікменстанның мемлекеттік телеарнасы Ахал уәлаяты мен Ашхабадтың сауда құрылымдары мен мемлекеттік дүкендеріндегі тексерулер туралы хабарлаған. Олардың қорытындысы бойынша жымқыру мен ұрлау деректері әшкере болған. Ұн мен өсімдік майын жоғары бағамен сату мақсатында ұрлады деп айыпталған шенеуніктерді мемлекеттік телеарна репортажында олар өз қылмысында өкінетінін мәлімдейді.

— Мара уәлаятының мемлекеттік дүкендерінде тексерулер жүргізіліп жатқанда, халыққа жоғары сапалы ұн беріле бастайды.

Аяқталғаннан кейін азық-түлік рационының сапасы төмендейді. Сонымен қатар, азық барлығына жете бермейді

Бұл тексерулер кезінде тамақ өнеркәсібінің тиісті кеңселерінің шенеуніктері жалған беретінінің айқын көрінісі. Шалғай ауылдарда азық-түлік үлесі бөлінбейді, – дейді жергілікті тұрғындардың бірі.

Ал ауылдық жерлерде субсидияланған өнімдердің жетіспеушілігі проблемасы өзекті. Азық-түлік уақытында жеткізілмейді, ал көп жағдайда кешігіп келетін азық-түлік сол күйі жеткізілмей қалады екен.

Карантин шектеулері кезінде азық-түлікті үйге дейін жеткізу қызметі болыпты, бірақ егер үйде ешкім болмай қалса, бұл отбасы бір ай бойына аш қалады екен.

Тағы да басқа азаматтардың айтуынша, бөлінбеген азық-түлік тауарлары кейіннен жеке дүкендер арқылы қайта сатылады.

— Мұндай алаяқтық ұзақ уақыт бойы жалғасып келеді, — дейді жергілікті тұрғын.

Денесінің жартысы жоқ жігітке тұрмысқа шыққан бойжеткен ыңғайсыз сұрақтарға шағымданды

 

Қолы және аяғы жоқ адамға тұрмысқа шыққан АҚШ-тың Монтана штатының тұрғыны жұбайымен арадағы қатынасына байланысты жиі қойылатын ыңғайсыз сұрақтарға шағымданды, - деп хабарлайды  Stan.kzке сілтеме жасап el24.kz.

2019 жылы 20 жастағы Лорен Шауэрс құрылыс алаңында жұмыс істеп жатқан кезде жүк көтергішті басқара алмай қалып, 15 метрге құлап кеткен. Жүк көтергіш оның үстіне құлап, денесінің төменгі бөлігін басып қалады. Шауерстің өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер оның жамбас сүйектерін, аяқтарын және оң қолының көп бөлігін кесіп тастауға мәжбүр болды.

Ол аман қалды, бірақ өз бетінше қозғала алмайды және әлі күнге дейін созылмалы аурудан зардап шегуде.

Оқиғаға дейін ер адам кездескен 21 жастағы Сабия Рейхе онымен қалуды ұйғарып, кейін оған тұрмысқа шыққан. Ол күйеуіне қарап, оны жуындырып, колостомдық сөмкесін ауыстырып тұрады. Қазір ерлі-зайыптылар жаңа протездік қол үшін ақша жинауға тырысуда.

Әйел көпшіліктің олардан жыныстық қатынасқа қалай түсуге болатынын жиі сұрайтынын мойындайды.

"Бұл ыңғайсыз жеке басқа қатысты сұрақ. Біз жауап бермейміз. Өйткені бұл туралы сұрау әдепсіздік", - деді ол.

Мәжілісте қаржы пирамидасымен күреске арналған құжат қаралады

 

Мәжіліс депутаттарының қарауына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды күшейту және қаржылық пирамидалардың қызметіне қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы енгізілді.


«Аталған заң жобасы Парламент Мәжілісі депутаттарының бастамасымен Мемлекет басшысының қаржы пирамидаларына қарсы іс-қимыл жөніндегі тапсырмаларын іске асыру мақсатында әзірленді.

Құжаттың негізгі мақсаты - азаматтар мүлкінің қорғалауын арттыру және қаржы пирамидасының бастапқы сатысындағы қызметінің жолын кесу.

Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 16 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов палатаның жалпы отырысында. Айта кетейік, бұған дейін депутаттар қаржы пирамидасын жарнамалаушыларды жауапқа тартуды ұсынған болатын.

КТК телеарнасы

ЭРОТИКАЛЫҚ ТҮС: әлемдегі 70% адам түсінде көреді

 

Эротикалық түс ресейлік психолог әрі сексолог Кирилл Филипповтың пікірінше адамға бірнеше себеппен енетінін көрінеді.

 
Оның айтуынша, бұл сыртқы ынталандыру мен жарақат салдарынан болуы ықтимал. «Миымызға ынталандырудың қайдан келетіні (сезім мүшелерінен немесе қиялдаудан) айтарлықтай маңызды емес.
 
Жүйке импульсі бір жүйке жолдарымен жүреді. Түс көру барысында, гипноздық процесс кезінде және күнделікті өмірде бірдей сезімдерді сезінеміз. Мәселен, қазір лимон, оның дәмі, тілдің ұшына тиген сәті туралы ойға берілсеңіз, сілекей процесінің қаншалықты күшейгенін байқайсыз. Себебі, денеміз қиялға жақсы жауап береді. Эротикалық түс те дәл солай, күндіз жыныстық қатынас туралы ойлансаңыз, түнде түсіңізде көруіңіз әбден мүмкін», – дейді Филиппов.
 
Әлемдегі адамдардың 60-70%-ы эротикалық түс көреді
 
Психологтар: «Мұндай түстердің тағы бір себебі – бүгінгі таңда әр қадамда (ғаламторда, теледидарда және т.б.) пайда болатын сыртқы ынталандыру. Ол жыныстық қоздырғышты тудырып, түске эротикалық түстер кіреді. Егер түс жағымсыз эмоция тудырса, онда оның артында бір жарақат жасырылуы мүмкін», – дейді.
 
Мамандардың пікірінше, эротикалық түстер ешқандай қауіп төндірмейді және дүние жүзіндегі адамдардың, шамамен, 60-70%-ы сондай түстер көреді екен.
 
Адамның миы мыңдаған түрлі ойларды өздігінен өткізе алатындай етіп құрылған. Ұйқы кезінде адам өзін-өзі бақылауды, сондай-ақ моральдық және этикалық шектеулерді жоғалтатындығы рас. Соның салдарынан адам жыныстық қиялына ерік беріп, эротикалық түс көреді.
 
Трансперсоналды психолог Дарья Нелединская: «Түстер белгілі бір дабыл ретінде қызмет етуі мүмкін, өйткені олар түнде жұмыс істейтін сана салдарынан пайда болады», – деп, жағымсыз түс көріп, бойды үрей билесе, адамның өз-өзіне құлақ асуы қажеттігі жайында кеңес береді.
 
Әйелге эротикалық түс кірсе
 
Әйелдер көбіне өзінің іс-әрекетіне, қалауына ерік бермей, өзін ылғи бақылауда ұстайды. Қала берді шынайы өмірде жыныстық қатынастан да бас тартатын немесе төсек ләззатында өз қалауына ерік бермейтін кездері жиі кездеседі.
 
Төсек ләззатын алмағандықтан немесе жыныстық қатынастың мүлде жоқтығынан сексуалды күйзеліске ұшырайды да, ол эротикалық түс ретінде белгі береді.
 
Түс әлемін ерекше зерттеген ғалым Зигмунд Фрейд әйел ең болмаса түс әлемінде өзін тояттандыру үшін бірнеше тәсілдер айтқан. Ол өткен ғасырлардағы әйел сексуалдылығын тұншықтыру барысында истерикалық психологиялық бұзылыстардан кейін ойлап табылған болатын. Сонымен ол қандай тәсіл?
 
“Әйел төсек ләззатындағы қиялын іске асыру үшін түнде жатарда өзін сексуалды қоздыруы қажет. Сонда барлық сексуалды қиялы түсінде эротикалық түс арқылы іске асып, әйел тоят алған”, деген Зигмунд Фрейд.
 
Десе де, кейбір психологтар әйелдің эротикалық түс көруіне ұйықтағандағы позасы әсер етеді дейді. Себебі ішімен жатқан әйелде жыныс ағзалары стимуляциясы жүреді дегенге саяды. Алайда, әзірге бұл тек гипотеза ғана.
 
syrlasu.kz

Көкшетаулық оқушы мектебін жарып жібермек болды

                                                                                               фото  видеодан скриншот 

Көкшетаулық оқушының шыдамы бір күнге жетпей қалды. Оқудан әбден мезі болдым деген ол сабақтың соңғы күні мектепті жарып жібермек болды.
 
Ол үшін өзі оқитын білім ошағына қолдан жасалған бомба әкеліп қойып кеткен. Абырой болғанда оны қызметкерлердің бірі байқап қалыпты.


Дереу тәртіп сақшыларына хабар беріп, саперлер бомбаны мектеп ауласында жарып жіберді. Әзірге оқушының жарылғышты қайдан алғаны белгісіз.
 
Кеше кешкісін болған осы оқиғаға қарамастан, білім ошағында бүгін 74 түлекке соңғы қоңырау соғылды. Бірақ салтанатты сәтті полиция кірпік қақпай күзетіп тұрды. Мектепте сән салтанатпен басталған дәстүрлі соңғы қоңырау алдында болған оқиғаны тек сырттай бақылап тұрған полиция еске салады.
 
Бұл Көкшетаудың қақ ортасындағы 2400 оқушысы бар ең үлкен мектеп. Білім ошағына жарылғыш зат қойған оқушысы қыз болып шықты. Ол мектебін жарып жібермекші болған. Арнайы қызмет жарты күн бойы әбігерге түсіп, қолдан жасалған бомбаны алысқа апармай- ақ сол жерде залалсыздандырды. Мамандар бірден мектептің мына футбол алаңында жарылғыш заттың көзін жойды. Екі рет жарылғанда соңғысының дүмпуі қатты болғаны сонша жұрттың зәресін ұшырды. Әзірге жарылған заттың не екені белгісіз.

Людмила Овсенкина, Көкшетау қаласының тұрғыны: - Бұл өте қорқынышты. Мектептің жанында тұрамыз. Қатты жарылыстан зәреміз ұшып, бәріміз далада жүрміз.
 
Не деген сұмдық!Соңғы қоңырау екенін білетін біреулер ғой. Өте қорқынышты. Абырой болғанда, бұл уақытта мектепте оқушылар болмаған. Жолдар тегіс жабылып, ғимараттағы 20 шақты мұғалім мен 10 техникалық қызметкер қауіпсіз жерге шығарылды.
 
Сосын саперлар мен кинологтар мектепті бірнеше сағат жүріп, сүзіп шықты. Бірақ әлгі аулада жарған заттан басқа ештеңе табылған жоқ. Құлақ тұндырған дауыстан маңайдағы көлік дабылы іске қосылып, айнала азан-қазан болды.
 
Гүлнар Әбдіқасымова, мектеп директоры: - Еден жуушылардың бірі 2 қабаттағы терезе алдында жатқан қолдан жасалған жарылғышты көріп қалған. Ол жарылғыш затқа ұқсағанымен муляж. Қазір мектеп оқушысы екені белгілі болып отыр. Ол оны мектепке рюкзагына салып кіргізген.
 
Әсем Әбдірахманова, Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің ресми өкілі: - Көпшіліктің қауіпсіздігі үшін барлық талаптарды сақтай отыра табылған құрылғы сол жерде жойылды. Жедел іздестіру шарасы қолдан жасалған затты осы мектепте ары қарай оқығысы келмеген  оқушы қыз әкелгенін анықтады.
 
Қазір тергеу жалғасып жатыр. Ювенальдық полиция жасөспірімді есепке қою мәселесін қарастыруда. Ал арам ойлы жасөспірімнің әрекеті үшін ата –анасы заң алдында жауап бере ме,жоқ па оны тергеу анықтайды. Оқу жылының соңғы күнінде абыр-сабыр болған  мектеп басшылары жарылғыштың ғимарат ішінде іске қосылмағанына қуанып отыр.