Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи апаттан зардап шеккен аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін айрықша бақылауда ұстау және бағаның өсуіне жол бермеу қажет екеніне тағы да назар аударды.
Бұл туралы Президент 12 сәуірде өткен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың отырысында айтты.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы азаматтар үшін әуе және темір жол көліктеріне билеттің қымбаттауына жол беруге болмайтынын ескертті. "Үкімет пен әкімдіктер зардап шеккен адамдарды орналастыру, оларға қажетті көмек беру мәселелерін тез арада шешуге тиіс.
Қазір бұл жұмыстар атқарылып жатыр. Эвакуациялық пункттердегі жағдайды тұрақты бақылауда ұстау керек. Жоғалған құжаттарды қалпына келтіру, құқықтық және психологиялық көмек көрсету пункттерін жедел ұйымдастыру қажет.
Айтпақшы, жоғалған құжаттар да проблема болады. Адамдар үйлерін асығыс тастап кетті. Құжаттарын қалпына келтіруге көмектесу керек. Жағдай өте күрделі аудандарда қоғамдық штабтар орналастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілсін", – деді Президент.
Жиын барысында Денсаулық сақтау министрлігіне Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтіп, тәулік бойы мониторинг жүргізу, сондай-ақ көппәтерлі үйлерге, әлеуметтік және басқа да нысандарға дезинфекция жасау жөнінде тапсырма берілді.
Су тасқынына байланысты жұқпалы аурулардың таралып жатқаны және эпидемиологиялық жағдайдың нашарлағаны туралы әлеуметтік желілерде жарияланған ақпарат расталмады.
Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
Пәкістан мен Үндістаннан келген екі азаматы есірткі бизнесімен айналысқан. Олардың бірі Алматыдағы жоғары оқу орындарында оқиды.
«Өздерінің қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін күдіктілер жеке тұрғын үйді жалға алған. Тұрғын үйді тінту кезінде сатуға дайын аса ірі көлемдегі синтетикалық есірткі, зертханалық жабдықтар, прекурсорлар табылып, тәркіленді.
Шетелдіктердің бірлесе жұмыс істегені анықталды, олардың бірі есірткіні қайнатса, екіншісі оны жасырып қою арқылы таратқан. Іздестіру шаралары қаскөйлердің тұрғылықты жерінде де жүргізілді. Олар синтетика салынған орамдарды жатын бөлмесінде сақтаған. Тәркіленген синтетикалық психотроптық заттардың жалпы салмағы 4 келіден асты. Күдіктілер қамауға алынды», – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.
Дереккөз: КТК телеарнасы
Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
Наурыздан бастап қазақстандықтар түрлі вирусқа қарсы екпе алуға міндеттеледі. Бұл туралы Денсаулық министрлігі хабарлаған еді.
Министрлік мәліметінше, енді медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін екпе алуға болады.
Адам папилломасы вирусы туғызған аурулар міндетті профилактикалық екпе жүргізетін аурулардың тізбесіне енгізілді- деп хабарлайды el24.kz тілшісі Massaget.kzке сілтеме жасап.
Міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді:
1) жоспарлы профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
-b типті гемофильді инфекция;
-дифтерия;
-көкжөтел;
-қызылша;
-қызамық;
-пневмококк инфекциясы;
- полиомиелит;
- сіреспе;
- туберкулез;
-эпидемиялық паротит;
2) эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша профилактикалық екпелер:
- "А" вирустық гепатиті;
- "В" вирустық гепатиті;
- дифтерия;
- көктемгі-жазғы кене энцефалиті;
- күйдіргі;
-құтырма;
- қызылша;
- қызамық;
- оба;
- сіреспе;
- туляремия;
- тұмау;
- іш сүзегі;
- эпидемиялық паротит.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынымын ескере отырып, 6 жастағы балаларды (1-сынып) туберкулезге қарсы ревакцинацияланбайды;
Министрлік өкілдерінің айтуынша, профилактикалық екпелерге қаржы жергілікті бюджеттен бөлінеді.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 85-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ тұлғалар инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы профилактикалық екпелерді алуға міндетті.
Бірақ қазақстандықтар вакцинациядан бас тартуға құқылы. Бұл Кодекстің 77-бабында айтылған.
Республикада профилактикалық екпелер туралы деректерді тіркеу мақсатында "Вакцинация" модулі жұмыс істейді. "Вакцинация" модулі - вакцинациялар туралы деректер қоры.
Денсаулық сақтау министрілігі екпе алатындарға кеңес берді.
"Профилактикалық екпелер туралы ақпаратты ресми және сенімді дереккөздерінен алу қажет. Вакцинациялау туралы ақпараттық материалдар Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайттар мен аккаунттарда орналастырылады. Сонымен қатар, вакциналар туралы толық ақпарат алу үшін EGU.kz платформасына және вакцинациялау бойынша Call-орталыққа (жедел желі нөмірі 7701) жүгінуге болады", - делінген хабарламада.
СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңі шарықтау шегіне жетіп, Есіл өзенінің деңгейі түсе бастады.
Су тасқынының екінші толқынында Сергеев бөгенінің қырынан асып төгілу биіктігі 363 см-ге дейін жетті. Қазіргі уақытта су қоймасы 169 % толған.
«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, өткен тәулікте тек 1 см-ге ғана көтерілген. Ал Тоқсан би гидробекетінде 48 см-ге, Крещенка елді мекенінің маңында 15 см-ге, Сергеев қаласының жанында 1 см-ге төмендеген.
Екінші толқын Петропавлға қарай келе жатыр. Мәселен Покровка елді мекенінің маңында 27 см-ге, Новоникольское ауылының жанында 29 см-ге көтерілді. Петропавлға әзірге жеткен жоқ, өткен тәулікте мұнда Есіл өзенінің су деңгейі 4 см-ге түсті. Дереккөз: Kazinform
Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
Атырауда ұсазына былапыт сөз айтқан жасөспірімнің анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі azh.kz-ке сілтеме жасап.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.
Іс материалдарына сәйкес 9-сынып оқушысы сабақ үстінде ұстазына былапыт сөз айтып, ұсақ бұзықылық жасаған.
Істі қарау барысында жасөспірімнің анасы кешірім сұрады.
Сот қаулысымен жасөспірімнің анасы әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 18 091 теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Сенің әлпетіңді есте сақтап қалғым келеді!
- Подробности
- Категория: Ғибратты әңгімелер
Жалақысы 850 мыңнан асатындар МӘМС қорына бес есе артық ақша аударады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Жалақысы айына 850 мың теңгеден асатын қазақстандықтар енді Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына бес есе артық ақша аударады. Мұндай айлықты ресми табатындардың үлесі елімізде 9 пайызды құрайды.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың шекті жарнасын өзгерту туралы заң жобасы бұған дейін көптің ашық талқылауына ұсынылған болатын.
Педофильдерді өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заң шығуы мүмкін
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Педофилдер енді өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мәжіліс осындай өзгеріс енген заң жобасын алдағы уақытта жан-жақты талқыламақ. Құжат депутаттардың бастамасымен әзірленген.
Мұндағы басты норманың бірі — тұрмыстағы зорлық-зомбылықтың қылмыс қатарына қосылуы. Яғни енді әкімшілік жазамен құтылып кету мүмкін болмайды. Әрі жаза да әлдеқайда қатаңдатылмақ. Мәжілісмен Асхат Аймағамбетов мұндағы мақсат тек әйелдердің емес, жалпы адамдардың құқығын қорғауға негізделгенін атап өтті.
"Жер сілкінісі жалғаса ма?" Белгілі нумеролог 2024 жылға арналған болжамын айтты
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
"Үкімет ауа райына жиі көңіл бөлуге тиіс. Әсіресе, егер күн ылғалды болса бірден тізгіндеу қажет. Еліміздің оңтүстік аймақтары мен Алматы қаласы назарда болған жөн. Қазіргі таңда кәсіби техникамен жұмыс істейтін мамандар аз, жеткіліксіз деуге болады. Сондықтан елге физика-химия бағытын жақсы меңгерген мамандар мен сарапшылардың көмегі керек.
Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Полиция қашықтан сканерлеу арқылы адамдардан қару-жарақ іздей алады
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
Британдық полицейлер қала көшелерімен серуендеп жүрген адамдарды киімдерінің астында қару-жарақтың бар-жоғын жасырын тексере алады.
«Келесі жылы енгізілуі мүмкін жаңа технология тәртіп сақшыларына жұртшылық көп жиналатын жерлерде алты метрге дейінгі қашықтықта киім, тіпті қалың пальто мен белдік астынан пышақтардың бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді», - деп жазды The Standard.
Алматы маңында бір түнде жеті рет жер сілкінді
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Жер сілкінісі кезінде Алматыда неге дабыл қосылмады?
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев қаладағы жер сілкінісі кезінде сирена неге қосылмағанын түсіндірді.
"Жедел хабарландыру жіберу кезінде, тәжірибе көрсеткендей, бұл хабарламалар қала тұрғындарына кеш келеді, өйткені бұл халықтың тығыздығынан, желі операторлары ақпаратты өңдеуге үлгермейді. Тиісінше, мұндай ақпарат кеш барады. Біз бірте-бірте мұндай ақпарат тарату тәжірибесінен алыстадық.
Алматыда тағы екі жер сілкінісі болды
- Подробности
- Категория: Жаңалықтар
Интернет-алаяқтарға атыраулықтар 400 млн теңге беріп қойған
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
"Енді қайталамаймын". Танымал актриса әлеуметтік желідегі видеосы үшін жазаланды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Алматы қалалық полиция департаменті 16 қаңтарда әлеуметтік желілерге жүргізген мониторинг барысында Hongqi маркалы көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін бұзғанын анықтады, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
"Құқық бұзушыға қауіпсіздік белдіктерін пайдалану және көлік құралын міндетті сақтандыру шартымен жүргізу ережесін сақтамағаны үшін әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.
Телефон нөмірін сатқандарға айыппұл салынады
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
Телефон нөмірін сатқандарға айыппұл салынады, тіпті түрмеге жабылады Қазақстандықтардың телефон нөмірін сатқандарға қомақты айыппұл салынады, тіпті түрмеге жабылады. Мұндай жазаға жеке деректерді заңсыз жинап пайдаланғандар тартылады. Бұл туралы бүгін цифрлық даму министрлігі еске салды.
Аллергиясы барларға болмайды. Дәрігер аскөк қосылған шайды жиі ішудің салдарын айтты
- Подробности
- Категория: Керек кеңес
Шөптен жасалған шайлардың дәмділігі өз алдына денсаулыққа пайдасы орасан зор. Соңғы уақытта адамдар жиі ішетін сусындардың бірі - аскөк шәйі. Ол ас қорытуды жақсартады, иммундық жүйені нығайтады, емізетін аналарда сүт өндіруді ынталандырады және нәрестелердегі коликпен күреседі- деп жазады el24.kz тілішісі massaget.kz ке сілтеме жасап.
Екіжүзді екен, әдемі келіншектің сыры белгілі болды...
- Подробности
- Категория: Сырласу
Мына бір оқиғадан кейін өзге қыз-келіншек тұрмақ, өз әйеліме де күдікпен қарайтын болдым. Неге дейсіз ғой?
Жағдай былай: жақында «жаздың шіліңгірінде Алматыда сасып жата бермейік» деп отбасымды алып Алакөлге тартып кеттім. Онда да көлдің Үшарал жағы емес, емдік қасиеті мол ар жағы, яғни, Үржар, Мақаншы, Қабанбай (бұрынғы Жарбұлақ) жағы.
Страница 4 из 213
Ең көп қаралған
- Өмірімдегі ойранды айту оңай деп пе едің...
- Ғалымдар: Беттегі әжім - ажал жаршысы
- Көктемнің мың бір түні...
- Аңыз адам ( Пахан зоны)
- Жеңгесімен көңілдес болған жігіттің хаты
- Құда баламен көңілдес болған келіншектің әңгімесі
- Күйеуімді сағындым...
- Күйеуімнің аруағымен бірге тұрып жүрмін...
- Екі бала туған әйелге төсек ләззатын ұқтырған еркек
- «Кедейліктің қорлығын-ай. Әйелім бір байдың көңілдесіне айналыпты… »
Соңғы жаңалықтар
- СҚО-да тасқын судың беті қайта бастады
- Қазақстанға әкелінген қызанақ дәнінен қауіпті вирус анықталды
- "Бірнеше миллион теңгеге дейін": желіде біреуге тіл тигізгеніңіз үшін қандай жауапкершілік қарастырылған?
- Президент көп талқыға түскен заңға қол қойды
- Қуандық Бишімбаевтің ісі бойынша сот отырысы қайта жалғасты
- Президент табиғи апаттан зардап шеккен аймақтарда баға өсіміне жол бермеу қажеттігін айтты
- Әттең...(Әңгіме)
- Былапыт сөз айтқан: Атырауда жасөспірімнің анасы жазаланды
- Алматыда есірткі таратып жүрген Пәкістан мен Үндістанның азаматтары ұсталды
- Қазақстанда міндетті екпелердің жаңа тізімі бекітілді: бұл туралы не белгілі?
- Су тасқыны: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және СҚО әкімдері Президентке есеп берді
- Мұнайлы ауданында Құлсарылықтарды қабылдау жалғасуда
- Қызылорда облысында 177 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
- Алматыда жас жігітті соққыға жығып, аяусыз тепкілеген күдікті ұсталды
- Петропавлда дәрігерді ұрып, кейін ер адамды пышақтаған жасөспірім сотталды
- Қарағандыда қылмыстық топтың 25 мүшесі ұсталды
- БҚО-да тұрғындарға көмектесуге барған құтқарушыны пышақтаған
- Бейуақта көзге көрінгендер
- Өткенді еске алсам Ильич шамы
- Абай облысындағы тағы бір ауданда төтенше жағдай жарияланды
Көршісін ойнасымен ұстап алған келіншек көлікте көргенін айтып берді
Үйге қонбаған еді...
Құрбыма ғашықпын
Ескі үйдегі елес
Сан Жи – елестер қаласы
Қуыршақ «қызды» әйел етіп алушылар бар
КҮЙЕУІМНІҢ КӨЗІНЕ ШӨП САЛҒЫМ КЕЛМЕЙДІ...
Жынның тойында қызмет қылған музыкант
Əке, аяғымнан сыз өтті білесіз бе?
«Махаббат бар дегенге сенбеуші едім…» – бойжеткеннің ыстық хаты
Жек көріп барам
Қыздар! Өздерің емес, өздеріңді сүйгенге тиіңдер!
"El24kz" порталында жарияланған ақпараттар мен материалдарды белсенді сілтеме
жасау арқылы ғана қолдануға рұқсат етіледі.
Барлық құқықтары қорғалған.
Мекен -жайы : Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19ш/а, 8ғимарат, Б/О Ақбөкен, 1 қабат
Телефон 8 (7292) 46-67-24 + 7778 180 71 78
Email : el24kz@mail.ru