Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. 
 
COVID-19 вакцинасын алған адамдарға 1 маусымнан бастап анықтамалар беріледі  - деп хабарлайды el24.kz  ақпараттық порталы  ktk.kz  арнасына сілтеме жасап.
 
Құжатқа сәйкес коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға жұмылдырылған медициналық ұйымдар: 2021 жылдың 1 маусымынан бастап қазақстандықтардың талабы бойынша қағаз түрінде вакциналау туралы анықтама береді;
1 маусымнан бастап шетелдіктердің талабы бойынша Қазақстанда жүргізілген КВИ-ге қарсы вакциналау туралы қағаз анықтама береді;
мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ге қарсы вакциналау жүргізуді ұйымдастырады.   
Сонымен қатар, растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда (2021 жылдың 1 шілдесінен бастап) медициналық мекемелер шетелде екпе алған Қазақстан азаматтарының КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы мәліметті "Вакциналау" модуліне енгізеді;
Білім министрлігі растайтын ақпаратты ұсынған жағдайда клиникалық сынақтар аясында QazCovid-in (QazVac) вакцинасын алған қазақстандықтардың КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы мәліметті модульге енгізеді;
Сонымен қатар білім министрлігі растайтын ақпарат ұсынған жағдайда биологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының QazVac вакцинасын алған қызметкерлерінің КВИ-ге қарсы вакциналануы туралы ақпаратты модульге енгізеді.