6 желтоқсанда сағат 19:44-те Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданындағы Бұқтырма су қоймасында қайғылы жағдай болып, жеңіл көлік суға батып кетті.


Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, көлікте бес адам болған. Салдарынан 1950 жылы туған әйел адам суға батып қаза болды. Қайғылы оқиға болған аумақта мұзға шығуға тыйым салынғаны туралы белгі қойылған.

"Су айдындарындағы мұздың қалыңдығы біркелкі емес. Жағалауға, қамыс пен өсімдік жамылғысының айналасына қар жиналады. Автокөліктердің қауіпсіз өтуі үшін мұз жамылғысының қалыңдығы - кем дегенде 30 см, жүк көлігі үшін автомобильдің салмағына байланысты 70 см-ден кем болмауы керек", - дейді ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов. Оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы барды.Төтенше жағдайлар министрлігі көлікпен мұз үстіне шығу қауіпті екенін тағы еске салды.

Дереккөз: Zakon.kz