Қытайда ұзаққа созылған карантин салдарынан әлем бойынша энергияға сұраныстың артуы, АҚШ-та пайыздық ставкалардың өсуі мұнай бағасының 5%-дан астам төмендеуіне ықпал етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мұнай бағасы екі аптада екінші рет барреліне 100 доллардан төмен түсті. Бұл жағдай Ресейге қарсы санкциялар мен ОПЕК-тің мұнай нарығын бақылау әрекетінен туындаған құбылмалылыққа қарамастан орын алып отыр.

Лондонда саудаланып отырған Brent маркалы мұнай эталоны дүйсенбі күні сағат 12:15-те барреліне $100,06-ға дейін 6,09 долларға немесе 5,7%-ға арзандады. Оның бағасы өткен аптада төмендей бастап, 4,5%-ды құрады.

Украинадағы әскери әрекеттерден кейін екі аптадан соң, яғни 7 наурызда 139,15 долларға көтерілді және бұл мұнай өсімінің ең жоғарғы көрсеткіші ретінде тіркелді. Бүгінгі мұнай бағасы осы өсімнен кейінгі ең төмен көрсеткіш болып отыр.

Нью-Йоркте WTI маркалы мұнай бағасы 5,91 долларға немесе 5,8%-ға арзандап, 96,16 долларды құрады. Brent сияқты, WTI маркасы да өткен аптада 4,5% төмендеп, бір айда 4% жоғалтты. 7 наурызда WTI маркалы мұнай бағасы 130,50 долларға дейін көтерілген.

Мұнайдың екі маркасы да өткен аптада шамамен 5% төмендегеннен кейін ең төменгі жабылу деңгейге жақын болды. Баға наурыздың басында 2008 жылдан бергі ең жоғары деңгейден шамамен 25%-ға төмендеді.

Екі апта бұрын Батыстың Ресей мұнайына салған санкциялары мұнайдың жалғыз ірі факторы болған. Бірақ Қытайдағы коронавируспен байланысты жағдай әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушының мобильділігін шектеп, мұнай нарығына теріс әсер әкелді.

Қытай – әлемдегі ең ірі мұнай импорттаушы ел, бірақ Шанхайдағы төртінші аптаға созылған карантин мен оған қоса АҚШ долларының көтерілуі энергетия тасымалдаушыларға қысым жасап, мұнай бағасының биылғы ең жоғары $140 деңгейіне қайта оралу ықтималдығын төмендетіп отыр.