Сабырбек Олжабай

   el24.kz Еңселі үш қабатты үйге кіріп келген Болатбек аңырады да қалды. Жо-жоқ, оны таң-тамаша қалдырған зәулім сарайдың алтынмен аптап, күміспен қаптап қойған көз суарарлық сұлу да сымбатты көрінісі мен қымбат жиһаздары емес еді. Қарсы алдында үріп ауызға салғандай келісті келіншек тұрды. Япырай, мынадай да сұлулық болады екен ғой, гүлді халатының алдыңғы өңірі сәл ғана ашық қалыпты да, қос алмасы серіппедей сыртқа теуіп тұрған келіншектің мойылдай қарашығына тұсалды да қалды.

 

   Салтанат Әшірбай

  el24.kz 2008 жыл. 1 ақпан. Сенбі. Сарышұнақ аяздың беті қайтар емес. Аяғым ауыр. Дәрігер сәбиімнің дүниеге келетін күнін 21 наурыз деп белгілеген. Ол кезде біз Астананың сыртындағы 96-разъезде орналасқан шағын үйде тұратынбыз.

Таң ата пеш жағып, шайымызды ішкен соң тыныш жатудың орнына үй жинауға кірістім. Кілемді қағып, еденді жуып шықтым. Неге екені белгісіз, төрдегі диванды жылжытып, артындағы шаңды сүрткім келді. Үйдегілерді шақыруға еріндім де, ауыр диванды екі қолыммен:

– Оп-п-п! – деп итергенім сол еді, белім қылт ете қалғандай болды.

 

       ДӘУРЕН ҚУАТ

 el24.kz Қаламыздың тау бөктеріне жетіп жығылған тұсында буы бұрқырап тұратын бір монша бар еді. Көпшілікке арналған кең құшақ монша.

Сенбі, жексенбі күндері жұрт сыпыртқысын «сүйретіп», артынып-тартынып, әлгі моншаға қарай асыға басып бара жататын. Мен де сол көптің қатарынан қалған емеспін. Кірлемеу, жағаға кір жұқтырмау – қаршадайымнан бойымда қалыптасқан әдет.

 

   Жұмабай Шаштайұлы

Қара базардың бүгiнгi Арынғазы атты миллионерi қараңғы түнде шырт ұйқыда жатқан жерiнен шошып оянды.

Тұсындағы жiбек шатырлы шамдал шамның түймесiн басып қалғанда-ақ жарқ ете түскен жарыққа көзi шағылысты. Қыбылаға қарата тұмсығымен шаншыла iлiнген қасқырдың көзiнiң орны бiрталай аралыққа жырылып, тап сол жердiң қылшықтарына тұзды қақ тұрып қалғандай айғыздана ағараңдайды. Арынғазы қасқыр көзiнiң орнындағы мұншалықты жырыққа бұрын зер салып қарамағанына таң бола, аңырып қалды. Егер ашып қалса жыртқыштың жанарымен ұшырасатындай тұла бойы тiтiренiп өттi.

 

Гүлжан Амангелдіқызы

-Шіркін, ол келіп: «Мен сені сүйемін десе ғой!».

 Шара өз қиялына елтігендей көзін жұмды. Кенет есіне бір нәрсе түскендей атып тұрды да, қасындағы құрбысына жалт қарады. 

– Бақыт деген не?