el24.kz 6 сәуір күні КТК телеарнасының басшылығында кадрлық өзгеріс болды. Арнаның жаңа бас директоры болып Бек Кенжебай тағайындалды.
Ресми мәліметке сәйкес, Бек Кенжебай бұған дейін Қазақстан РТРК АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған. Ол медиа және аналитика саласында мол тәжірибеге ие. Әр жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, сондай-ақ «Қазақстан», «Астана», «Алматы» және «31 арна» телеарналарында түрлі қызметтерде жұмыс істеген.
Сонымен қатар, осы уақытқа дейін «КТК» телеарнасының бас директоры болған Эльмира Джамилова өз өтініші бойынша қызметінен кетті. Ол енді «КТК» АҚ құрамында стратегиялық даму жөніндегі кеңесші ретінде жұмысын жалғастырады.
Айта кетейік, бұл кадрлық өзгеріс отандық медиа саласындағы басқару жүйесін жетілдіру және телеарнаның даму стратегиясын күшейту аясында жүзеге асырылып отыр.
