Сәлеметсіздер ме?Тұрмыстағы келіншекпін.Тұрмыс құрғаныма бес жылдан асып барады.Бала көтере алмай жүрмін.Ана бақытын сезінгім келеді.Жасым 25- ке келді.Алланың берген сынағын әрең көтеріп жүргенімде,қайын атам қосылды.Ішіп алып «кет»дейтінді шығарды.  «Ұлым ұрпақсыз өтетін болды.Сендей бедеу келін керек емес» деп ішіп алса,аузына келгенді айтып боқтайды.

     Көршілерге кетіп қалсам, артымнан ит қосып іздеп  барады.Күйеуім «атаң ішкенде қасында бол қара»дейді  жұмысқа кеткенде.Ал ол ішсе боқтап дымымды қоймайды.Бұрын үндемеуші ем,біржолы қатты боқтап ұрысты  «көзіме көрінбе, кет» деп. Ызаға булығып «байым кет демей ешқайда кетпеймін,сізге тиген жоқпын,шаруаңыз болмасын» деп тастадым.Қазіргі келіндер енесін айтса,мен атамнан зәбір көріп жүрмін.Жүйкем әбден жұқарып барады.Ашушақ боп барамын.Күйеуіме «арамызда бала жоқ,ажыраса салайық»десем, ол «Басымыз әлі жас.Балалы болып кетерміз.Уайымдама» дейді.Ал атам бізді ажырастырмай тынбайтын сияқты.Мен күйеуімді қатты жақсы көремін.Не істеймін?Ақыл қосыңдаршы.

                                   

     Айсауле