- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Қарағанды облысында полиция TikTok әлеуметтік желісіндегі 56 жастағы стримердің әрекетін анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қолданды.
Қарағанды облысы полиция департаментінің мәліметінше, интернет кеңістігіне жүргізілген мониторинг барысында Қарағанды қаласының тұрғыны Еркен Жантыкпаевтың TikTok желісіндегі белсенділігі назарға алынған. Ол әйелдер киімін киіп, құқыққа қайшы мазмұндағы бейнематериалдар жариялаған.
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Атырауда жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы балаға тәрбиешінің күш қолданғаны туралы істің жаңа мән-жайлары белгілі болды. Зардап шеккен баланың ата-анасы тәрбиешінің бұған дейін сотталғанын анықтаған. Бұл ақпаратты балабақша басшылығы да растады.
Балабақша директоры Нағима Аманкосованың айтуынша, 27 жастағы тәрбиеші мекемеде шамамен екі ай жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде ол соттылығы жоқ екені туралы анықтама ұсынған.
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Қазақстанда 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетіледі. Биыл бір балаға берілетін ең төменгі көмек мөлшері 50 851 теңгені құрайды.
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Семей қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Threads әлеуметтік желісінде діни тақырыптағы жарияланымдарға қалдырған пікірлері үшін қала тұрғынын 2 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Абай облыстық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, азамат И. шамамен бір жарым жыл бойы Threads әлеуметтік желісінде басқа қолданушылардың дін тақырыбындағы жазбаларына пікір қалдырып отырған.
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Семей қаласында түнгі уақытта автомобиль көпірінің жол жүру бөлігінде фотосессия ұйымдастырған әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Абай облысы полиция департаментінің мәліметінше, оқиға әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбадан кейін белгілі болған. Желі қолданушыларының алаңдаушылығын тудырған видеоны тексеру барысында тәртіп сақшылары заңбұзушының жеке басын анықтады. Ол Ақтөбе облысының 35 жастағы тұрғыны болып шыққан.
Страница 1 из 108





