Әлеуметтік желіде жарияланған осы бір мақаланы оқып отырып, көзіме жас алдым. Өйткені төмендегі жай менің де басымнан өткен. Үйлене салып, ажырасқан жандардың бірі менмін.

Қайтейін, тағдыр солай болды. «Көресіңді көрмей, көрге кірмейсің» деген сол екен. Бір жыл дос болып, етегін көтермей сыйлап келген сүйіктім үйленген түндегі неке төсегінде ғана кездескенде «қыз» болмай шықты. Не істерімді білмедім. Сол түні-ақ оны қуып жібергім келген. Бірақ әке-шешемнің, туғандарымның , дос-жаранның алдында ұятты болғым келмеді. Бір жағынан өзімді, бір жағынан туғандарымның масқарасын шығармайын дедім. Бірақ апта өтпей ажырастық.

Сөйтсем, ол менің жақын досымның ағасымен бұрын кездесіп келген екен. Бірақ оның отбасы бар. Тек төсек қатынасы үшін дос болыпты. Мұны қызым артынан айтты. Бірақ бәрі кеш еді. Мына төмендегі оқиғада дәл менің басымнан өткен жағдайға өте ұқсас. Оқып көріңіз:

«Мен жақында отау құрдым. Өткен күзде. Әйеліммен сүйіп қосылдық. Сөйлесіп, жарты жыл болмай бас құрауға шешім кабылдадық. Арамызда ұзақ бір хикая болмаса да, махаббатқа жанып үлгердік. Нағыз махаббат осы болар деп ойладым. Бұрынғы басымнан өткерген сезімдер, сөйлескен қыздар бәрі ұмыт болды. Сонымен үйдегі кісілер құда түсіп барды, оның әке-шешесі де тым қарсы болмады, көнді. Тойдың күнін белгілеп, келісе кетті екі жақ. Сөйтіп ұзату тойы болды, куанышымда шек жоқ, бақытты сезінгендей болдым. Неге қуанбаймын, өзі әдемі, жас, ақылды, өнерлі қыз — менің келіншегім болды.

Той тарқап, үйге қайттық. Салт бойынша көтеріп алып кеттім. Үйге келсек, бәрі думандатып жатты. Сөйтіп той бітті, жаңа отауымызға кірдік, енді бәрі басқаша… Мен жанымнан басқа адамды көрдім… Ол балалығымен ерте қош айтқан екен. Төбемнен суық су құйғандай болды. Денем мұздап кетті. Одан басында сұрауға батпадым. Соңында қоймай сұрадым, ол «білмеймін » деуден танбады. Негізі, бұл туралы сөйлескен едік әу баста, ол тазамын деп жауап берген. Сұрамас та едім, біреу ол туралы өсек бар екенін айтқан еді, сол үшін сұрадым. Ойым астан-кестен: өз қателіктерімді есіме алдым. Мен де көп нәрсе бүлдірген едім, Құдай сол үшін кездестірді деп те ойладым. Бірақ көңілім басылмай, сұрай бердім. Ол Құдайды аузына аладымен не айтарымды білмеймін. Сонымен үндемей жүре берген едім.

Бірде оның үйіне барып қайттық, олар жаңа күйеу баласын жақсы қарсы алды, қайтарда ағасы (әкесінің інісі, менімен жасты еді) машинасымен әкеп тастады үйге дейін. Сол күні көңілім тағы біртүрлі болып, сұрай бастадым. Қоймай сұрадым: жаным, айтшы, не жағдай? Мүмкін, маған айта алмай жүрген бір нәрсе бар шығар, әлде біреу тиісті ме? деп қоймай сұрадымБір кезде ол жәй дауыспен:

— …біреу тиісті, — деп бастады,

— Кім ол? — даусым қатты шығып кетті.

— Сенімен жасты, сен танисың дейді.

Сұмдық-ай! Онысы – жаңағы бізді үйге жеткізіп тастаған ағасы екен…

Ол солқылдап жылай берді:

— Кішкентай кезім, үйде азанда екеуміз ғана калатынбыз, үлкендер өз шаруасымен кетіп қалатын. Ол маған тиісе берді, мен жылап қашатынмын, ол қоймай қуалап жетіп, көтеріп әкеліп білгенін істейтін. Ол кезде мен 10-11-де, ал ол 16-17 жаста еді,  деді…

Мен жылап жібердім. Бір жағынан жаным ашыды, екінші жағынан үлкен өтірік айтқаны жанға баттыСол бір жайт мені жегідей жей берді. Біз болмашы нәрсеге бола ұрсыса бердік. Ана иттің баласын өлтіре салуды да ойладым, ажырасуды да ойладым. Бірақ оның аяғы ауыр болғаннан бастап бұл ойдан қайтқам».

Бұл – бір жігіттің басынан өткен оқиға. Менің айтпағым – үйленгелі жүрген жігіттерге сабақ болсын, дегенім. Өйткені алданып қалып, үйленіп, ертеңінде ажырасқанша, үйленбей тұрып бәрін шешіп алған дұрыс секілді.

Аян Мырзабек

https:kaz.365info.kz