Атыраудағы қайғылы оқиға: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Атырауда қайын жұртының төрт мүшесін өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті. Бұл туралы соңғы күндері бірнеше ақпарат құралында мәлімет тарады.
Орал маңында қосалқы станцияда 10 жастағы бала тоқ соғып, көз жұмды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Батыс Қазақстан облысында қайғылы жағдай болды. Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде 10 жастағы бала электр қосалқы станциясында тоққа түсіп, көз жұмды.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2026 жылғы 1 қыркүйек күні болған. 2015 жылы туған бала электр қосалқы станциясына кіріп, электр тогынан зардап шеккен. Ол оқиға орнында қайтыс болған.
Қауіпсіздік кеңесі аппаратында кадрлық өзгерістер болды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесі аппаратында бірқатар кадрлық тағайындау жүргізілді. Мемлекет басшысының өкімдерімен бірнеше лауазымға жаңа басшылар тағайындалды.
Нұржан Хажимұратұлы Каджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппараты басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.
Өскеменде порнографиялық материалдар дайындап, таратқан 14 адам сотталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Өскеменде порнографиялық материалдарды дайындап, таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың 14 мүшесіне сот үкімі шықты.
Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады.
Өскемен қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында порнографиялық материалдарды дайындау және тарату фактісі бойынша қылмыстық іс қаралған.
Telegram-дағы «жеңіл жұмысқа» сенген 20 жастағы елордалық алаяқтық үшін 3 жылға сотталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Telegram мессенджеріндегі «жеңіл жұмыс» туралы хабарландыруға сенген 20 жастағы елордалық тұрғын алаяқтық қылмыстық схемаға араласқан. Ол Петропавл қаласында үш тұрғынды алдау арқылы жасалған қылмысқа қатысып, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Қостанайда бұрынғы әйелін қызғаныштан атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қостанайда бұрынғы әйелін аңшылық карабинмен атып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Қостанай қаласында болған. Сотта анықталғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында қызғанышқа байланысты жанжал туындаған. Сол кезде ер адам аңшылық карабинін алып, бұрынғы әйеліне екі рет көздеп оқ атқан. Оқ әйелдің басы мен кеуде тұсына тиген. Алған жарақаттарының салдарынан 37 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқан.
Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлағандарға 17,3 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәртібі нақтыланды. Енді талаптарға сай келген жағдайда азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы, ал кей санаттарға құрмет грамотасы немесе алғыс жариялануы мүмкін.
Өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2026 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен енгізілді.
«Жарты патша» атанған қазақ...
- Подробности
- Категория: Даңқ пен Дақпырт
Сөз басы
el24.kz Әр өлкенің ел жадында сақталған өз тұлғалары бар. Солардың бірі – 1912 жылы “Ресей әулетінің құрметті азаматы” атағын алған, 1913 жылы Романовтар династиясының 300 жылдық мерейтойына қатысушы, халық арасында «Жарты патша» атанған Самырат Алматұлы.
Оның ел ішінде беделі, қоғамдағы орны мен өмір жолы – өз дәуірінің тынысын танытатын құнды тарих. Бұл мақалада Самырат Алматұлының тұлғасы мен ел тарихы жолындағы орнына тоқталатын боламыз.
«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім гранттарының санын 350 орынға арттырды
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz «Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім беру гранттарының санын қосымша 350 орынға арттырды. Қосымша гранттар негізінен ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ шағын және моноқалаларда орналасқан мектептердің түлектеріне арналған.
Бағдарлама жастардың жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін талапкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.
Грантқа кімдер қатыса алады?
Атырауда балабақшадағы балаға қатысты жанжал: тәрбиешінің бұрын сотталғаны анықталды
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Атырауда жекеменшік балабақшада бір жарым жастағы балаға тәрбиешінің күш қолданғаны туралы істің жаңа мән-жайлары белгілі болды. Зардап шеккен баланың ата-анасы тәрбиешінің бұған дейін сотталғанын анықтаған. Бұл ақпаратты балабақша басшылығы да растады.
Балабақша директоры Нағима Аманкосованың айтуынша, 27 жастағы тәрбиеші мекемеде шамамен екі ай жұмыс істеген. Жұмысқа қабылданған кезде ол соттылығы жоқ екені туралы анықтама ұсынған.
Түркістан облысында құқықбұзушылықты видеоға түсіргендерге 43 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі
- Подробности
- Категория: Елең еткізер
el24.kz Түркістан облысында әкімшілік құқықбұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, оны анықтауға көмектескен азаматтарға ақшалай сыйақы беру тәртібі бекітілді. Сыйақының ең жоғары мөлшері 10 АЕК немесе 43 250 теңге болады.
Бұған дейін осындай жүйе Астана қаласында енгізілген еді. Енді Түркістан облысында да азаматтарды құқықбұзушылықтың алдын алуға және оны анықтауға белсенді қатыстыру мақсатында жаңа тәртіп күшіне енбек.
Таиландтағы мектептегі атыс: шабуылдаушы алдымен ата-әжесін өлтіріп, кейін мектепте тағы алты адамды атып кеткен
- Подробности
- Категория: Әлем жаңалықтары
el24.kz Таиландтың Нонтхабури провинциясындағы Debsirin Nonthaburi мектебінде болған қарулы шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, кемінде 15 адам жарақат алды. Бұл туралы Reuters, Associated Press (AP), Al Jazeera және Thai PBS жариялаған ресми ақпаратта айтылды.
Полицияның мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы шабуыл алдында өз үйінде атасы мен әжесін атып өлтірген. Кейін ол Бангкок маңындағы Debsirin Nonthaburi мектебіне барып, оқ жаудырған.
50 мың теңгеге дейінгі мектеп көмегі: Қандай отбасылар ала алады?
- Подробности
- Категория: Бүгін
el24.kz Қазақстанда 2026–2027 жаңа оқу жылына дайындық аясында әлеуметтік осал санаттағы отбасылардың балаларына мектепке қажетті киім-кешек пен оқу құралдарын сатып алу үшін материалдық көмек көрсетіледі. Биыл бір балаға берілетін ең төменгі көмек мөлшері 50 851 теңгені құрайды.
Ақілгек
- Подробности
- Категория: Проза
Сабырбек Олжабай
el24.kz Еңселі үш қабатты үйге кіріп келген Болатбек аңырады да қалды. Жо-жоқ, оны таң-тамаша қалдырған зәулім сарайдың алтынмен аптап, күміспен қаптап қойған көз суарарлық сұлу да сымбатты көрінісі мен қымбат жиһаздары емес еді. Қарсы алдында үріп ауызға салғандай келісті келіншек тұрды. Япырай, мынадай да сұлулық болады екен ғой, гүлді халатының алдыңғы өңірі сәл ғана ашық қалыпты да, қос алмасы серіппедей сыртқа теуіп тұрған келіншектің мойылдай қарашығына тұсалды да қалды.
Страница 1 из 259
Соңғы жаңалықтар
- Атыраудағы қайғылы оқиға: Ақбаян Мұқанғалиева балаларымен кездесті
- Орал маңында қосалқы станцияда 10 жастағы бала тоқ соғып, көз жұмды
- Қауіпсіздік кеңесі аппаратында кадрлық өзгерістер болды
- Өскеменде порнографиялық материалдар дайындап, таратқан 14 адам сотталды
- Telegram-дағы «жеңіл жұмысқа» сенген 20 жастағы елордалық алаяқтық үшін 3 жылға сотталды
- Қостанайда бұрынғы әйелін қызғаныштан атып өлтірген ер адам 12 жылға сотталды
- Қазақстанда жемқорлық туралы хабарлағандарға 17,3 миллион теңгеге дейін сыйақы беріледі
- «Жарты патша» атанған қазақ...
- «Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім гранттарының санын 350 орынға арттырды
- Атырауда балабақшадағы балаға қатысты жанжал: тәрбиешінің бұрын сотталғаны анықталды
- Түркістан облысында құқықбұзушылықты видеоға түсіргендерге 43 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі
- Таиландтағы мектептегі атыс: шабуылдаушы алдымен ата-әжесін өлтіріп, кейін мектепте тағы алты адамды атып кеткен
- 50 мың теңгеге дейінгі мектеп көмегі: Қандай отбасылар ала алады?
- Ақілгек
- Ақтауда жағалауда қызбен жанжал шығарған ер адам 30 тәулікке қамауға алынды
- Солтүстік Кипрде қазақстандық бойжеткенге пышақпен шабуыл жасалды
- Аңызға айналған альпинист Нирмал Пурджа Пәкістандағы Броуд-Пикте қаза тапты
- Таиландтағы қос ресейліктің өлімі: тергеу барысында тағы үш адамның мәйіті табылды
- Таиландта жоғалған ресейлік ағайындылардың өлімі: күдіктілер қылмысты мойындады
- Бір қасық көже














