«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 25-27 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 
Синоптиктердің болжауынша, алдағы тәуліктерде антициклон екпіні циклонды республиканың солтүстік-батысына қарай бірте-бірте ығыстырып,атмосфералық фронттардың өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап,жел күшейеді.

Еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады.  Ауа температурасы күндіз батыста +23+33°С, солтүстік-батыста +15+28°С, солтүстікте +18+28°С, орталықта +25° +35°C градусқа дейін төмендейді.Алдағы тәулікте елімізде 45 градусқа дейін ыстық болады +25+37°С, оңтүстігінде +35+45°С, оңтүстік-шығыста +35+43°С дейін көтеріледі.