Гүнай Текин
 
Уəдең де тұрмадың,
мені жоғалттың .
Өміріңді уладың,
Жүрегімдегі қымбатым.
Саф жүрегіңді кірлеттің, жүрек кірлеген соң бəрі бекер. Ессіздердің əлеміне қалай кірдің? Дүниеде ешбір басқа қызық қалмады ма? Ғажайып өмірдің ғаламатын неге алмастырдың?  Түзелуге тырыспадың ба?  Өзіңді-өзің тəрбиелеп, ұрыспадың ба? Теңіздей тұнық жанарымды ойға алмадың ба? 
Бағыты жоқ кемедей теңізде жортқан бай балаларының соңынан  ергенің жөн болды ма? Бар байлығыңды ненің жолына құрбан қылғаныңды бағамдай алдың ба?  Азғырған азғырушылардың алдында неге өрлік танытпадың. Өр деуші едім. Өрлігіңді көрдім деуші едім. 
Көрмеппін. 
Маған қиялымдағы  ақ көйлекті кигізіп, дос сүйсініп, дұшпан күйінетін той жасаймын демедің бе? Жасама. Керегі жоқ. Мені ойлама. Іздеме.   Армандарыңа өз қолыңмен балта шапқан сəттен сен мен үшін жоқсың!  
Уақытымды жегенің мен сенімімді үгіткеніңді тəңірім кешірсін! 
Нашадан құтыл.
Ата-анаңды ойла
 Өзің үшін өмір сүр!  Менің махаббатым -  саған қажеті жоқ.   Сенің мықты дəрігер болатыныңа сеніп, сенің əрбір жетістігіңе қуанып, саған тілектес болған күндер келмеске кетті. Арманға толы болашағымыздың  быт-шыты шықты. Сенгіш екеніме өкінем. Былыққа батқаныңда да шығаруға тырыстым.
Жоқсың!  Мен үшін жоқсың! Біз жоқпыз. Сен барсың! Мен бармын.
Адам сезімінен күшті бола алмайды екен-ау, Əмір.  Қанша кетемін деп, қанша рет қасыңда қалғанымды есептеп біте алар ма екенмін?! Ақылың кірер деп, маған берген бір уəдесін жігітше орындар деп үміт еттім ғой.  Мен неге кете алмай жүрдім? Білесің бе?  Бар болғаны өзімнен артық  сені  жүрегіммен сүйдім. Бұрыс жолдан дұрыс жолға түсер деп сендім. 
Бұрын сен қандай едің? Байлық пен атақ - бақыт əкелмеді. Бұрын бақытты едік.  Өзің батқан былықтан өзің шықпасаң, ешкім сені шығара алмайды. Ұмытпа!
Адасқаныңды мойында! Адастың, арманның даңғыл жолынан шықтың. Адамдықты ұмыттың. Ақыл-есіңді жоғалттың. 
Үміттендім. Бəрін тастай алар дедім. Жігерлі санадым. Жолыңа қарадым.   Темір емеспін, жаным сенен алыстауға біраз уақыт көндікпесі де рас. Алайда, таңдау жасауға да қаухарсыз жанға жүрегімді атағым келмейді. Сезімімнің құнын білсең, азда болса мені сүйсең, есер бай балаларымен уəде берген соң байланыспас едің...
 
Аударма Мейірхан Мейрамбекұлы