el24.kz Алматы қаласында қоғамдық қауіпсіздікті бұзған шетелдік азаматтарға қатысты қатаң шара қолданылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаменті ресми мәлімдеді.
Ведомствоның хабарлауынша, қала тұрғындарына тас пен таяқ қолдана отырып шабуыл жасаған құқық бұзушылар сот шешімімен Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылған. Сонымен қатар, олардың елге қайта кіруіне тыйым салынды.
"Соттың қаулысымен қоғамдық орындарда заңға қайшы әрекеттер жасаған шетел азаматтары Қазақстан Республикасынан шығарылды", – деп хабарлады полиция өкілдері.
Ресми деректерге сәйкес, аталған құқық бұзушылар Тәжікстан Республикасының азаматтары болған. Құзырлы органдар мұндай әрекеттерге заң аясында қатаң жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.
Полиция департаменті қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын жеткізді.
