el24.kz Telegram мессенджеріндегі «жеңіл жұмыс» туралы хабарландыруға сенген 20 жастағы елордалық тұрғын алаяқтық қылмыстық схемаға араласқан. Ол Петропавл қаласында үш тұрғынды алдау арқылы жасалған қылмысқа қатысып, сот үкімімен 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

 

  el24.kz Қостанайда бұрынғы әйелін аңшылық карабинмен атып өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Ол 12 жылға бас бостандығынан айырылды. 

Қайғылы оқиға 2026 жылдың наурыз айында Қостанай қаласында болған. Сотта анықталғандай, бұрынғы ерлі-зайыптылар арасында қызғанышқа байланысты жанжал туындаған. Сол кезде ер адам аңшылық карабинін алып, бұрынғы әйеліне екі рет көздеп оқ атқан. Оқ әйелдің басы мен кеуде тұсына тиген. Алған жарақаттарының салдарынан 37 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапқан.

 

  el24.kz Қазақстанда сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды ынталандыру тәртібі нақтыланды. Енді талаптарға сай келген жағдайда азаматтарға біржолғы ақшалай сыйақы, ал кей санаттарға құрмет грамотасы немесе алғыс жариялануы мүмкін.

Өзгерістер Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының 2026 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен енгізілді.

 

  el24.kz «Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге арналған білім беру гранттарының санын қосымша 350 орынға арттырды. Қосымша гранттар негізінен ауылдық елді мекендерде, сондай-ақ шағын және моноқалаларда орналасқан мектептердің түлектеріне арналған.

Бағдарлама жастардың жоғары білім алу мүмкіндігін кеңейтуге және әлеуметтік қолдауды қажет ететін талапкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

Грантқа кімдер қатыса алады?

 

 el24.kz Түркістан облысында әкімшілік құқықбұзушылықты фото немесе видеоға түсіріп, оны анықтауға көмектескен азаматтарға ақшалай сыйақы беру тәртібі бекітілді. Сыйақының ең жоғары мөлшері 10 АЕК немесе 43 250 теңге болады.

Бұған дейін осындай жүйе Астана қаласында енгізілген еді. Енді Түркістан облысында да азаматтарды құқықбұзушылықтың алдын алуға және оны анықтауға белсенді қатыстыру мақсатында жаңа тәртіп күшіне енбек.