Гүнай Текин
Кешір, күнім! Мен үйлендім. Сені жар ете алмаймын, осыны сен де ұғын
(Сердардың хаты)
Сердар!
Ақымақсың ғой...
Мені алдап, маған уəдені үйіп-төгіп бергенің де мен іштей саған сенбеп едім. Сол себептен сен қанша қаласаң да сенімен жақын болудан қаштым. Менің көзімді байлап, сеніміммен ойнап кетемін дедің бе? Тұнығымды лайлауға, менімен ойнауға рұқсат береді дедің бе?
Мен - басқалар сияқты емеспін. Ұнаған жігіт менімен сүйісуді армандамай, некелі жары болмастан əсте шиедей еріндерімнің дəмін татқызбаймын.
Тас ғасырында өмір сүріп жүрген шығармын. Қазір менен бас тартқаның да сенің қолың жетпегенінен шығар. Қолың жетпеді. Сенен кейінгілердің де қолы жетпейді.
Мен - түрік қызымын. Арым - өмірім, арым - сенімім. Өмір дейтінім, мен тек бір адамның ғана некелі жары боламын. Соған ақ арымды аманат қыламын. Сенімім мен сезімім соған ғана белгілі болмақ.
Сен қалағандай бола алмаған шығармын. Шақырған жеріңнен табылып, көрісе сала мойныңа асыла алмадым. Кездесуді тек күндізге қойдырып, шарап қойылған дастарханға отырудан талай рет бас тартып кетіп қалғаным есіңде болар.
Сен - түн сайын жаңа қыздармен көңіл қосып үйренген серісің. Байдың баласысың. Саған ынтық қыздар көп. Мен - қарапайым ұста мен ұстаздың қызымын. Барым - арым мен ұятым. Мен жігіт түсіне кірсе ұялатын жанмын. Себебі, анамның бір сөзі санамда сайрап тұрады. " Қыз қадірінен айрылса, солған қыр гүліндей" деген-ді анам маған он бір жасымнан құлағыма құйған. Əкем мен анамды ешқашан ұяттан қызартпау үшін мен сендейлерден аулақ жүремін. Бақытты бол!
Жарыңа адал бол!
Адам бол!
Түрік тілінен аударған: Мейірхан Мейрамбек