el24.kz Алматыдан Бангкокқа бағыт алған Air Astana әуе компаниясының ұшағы Үндістан астанасы Дели қаласына мәжбүрлі түрде қонды. Оқиға әуе кемесінің қозғалтқышынан қатты дыбыс естіліп, салон ішінен күйік иісі шыққаннан кейін орын алған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, экипаж қауіпсіздік талаптарына сай әрекет етіп, рейсті ең жақын әуежайға қондыру туралы шешім қабылдаған. Ұшақ Делиге сәтті қонған, жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Алайда бұл жағдай жолаушылардың демалыс жоспарын бұзды. Көпшілігі бірнеше сағат бойы әуежайда күтуге мәжбүр болған.
Айта кетейік, бұл — Air Astana әуе компаниясына қатысты осы аптада тіркелген екінші төтенше жағдай. Бұған дейін де компанияның басқа бір рейсі техникалық ақауға байланысты бағытынан ауытқуға мәжбүр болған еді.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр. Әуе компаниясы жолаушыларға қажетті көмек көрсетіліп жатқанын және қауіпсіздік басты назарда екенін хабарлады.
