Қыз-келіншектердің кейбір қылықтары ер азамат атаулыны шошытады. Бірнеше кітаптың авторы, танысуға арналған мобильді қосымшаны ойлап шығарған Саманта Дэниэлс еркектер үйленгісі келмейтін әйелдердің 10 типін атап көрсеткен. Сонымен ол қандай әйелдер?
Педагог әйел. Ер азаматқа ақыл айтып, үйретуге әуес әйелдер алғашқыда қамқоршы болып көрінуі мүмкін. Бірақ ер азаматтар мұндай «дәрістен» жылдам жалығады.
Сезіммен ойнайтын әйел. Ер азаматтар сезіммен ойнайтын әйелдердің қылығын көтере бермейді.
Ер азаматты өзгертуге тырысатын әйел. Ер адамдар өздерін бар болмысымен қабылдағысы келмейтін әйелдерге үйленуге құлықсыз. Мұндай әдет жиі жанжал шығаруға әкеліп соғады.
Қызғаншақ және сенбейтін әйел. Әйел адам себепсіз қызғана берсе және еріне сенбейтін болса қарым-қатынас соңы ушығып кетеді. Сол себепті де ер азаматтар мұндай әйелдермен өмірін байланыстырғысы келмейді.
Өзін толықтай ер адамға арнайтын әйел. Ер азаматтар қамқорлықты, мейірімді қалағанымен, өз-өзін ұмытып кеткен кеткен әйелдерді қаламайды. Олар әйелдердің өзіндік қызығушылығы болғанын жеке тұлғасы қалыптасқанын қалайды.
Әкесімен байланысы жоқ әйелдер. Мұндай қыз-келіншектер әдетте өздерінен көп жас үлкен ер азаматтарға тұрмысқа шығады. Олар әкесінен ала алмаған мейірімді ерінен алғысы келеді. Уақыт өте келе жолдасы оған жар емес, әке есебінде болып қалады.
Барлығын анасымен ақылдасатын әйел. Ерлер отбасында болған жағдайдың барлығын анасымен талқылайтын әйелдерді ұнатпайды. Енесінің өз отбасының шаруасына араласқанын ешбір еркек жақтырмайды.
Өсекші әйел. Ерлер үнемі өзгелерді сөз етіп, сыртынан өсек-аяң айтып отыратын қыз-келіншектерді жар етуге құлықсыз.
Ер азаматын өзге ерлермен салыстыратын әйел. Ерлер өздерін біреумен салыстырғанда ешқашан көтермейді.
Үнемі арықтау үшін диета ұстайтын әйел. Ерлер үнемі дәмді тамақ жегенді, және тойып тамақтанғанды қалайды. Ал дастархан басында отырып алып, диета ұстайтынын айтып отыратын қыз-келіншектер оларға мүлде ұнамайды.