Ситора Ахрор
Əзіз адам!  Бір сəт алыс, бір сəт жақын көңілге, бірде бауыр, бір де таныс өмірде. Бір ғұмырды  кешіп жүрміз, бір үміттің жібін есіп жүрміз. Əйтеуір, бір-бірімізді білеміз. Білмеймін, кейде білмеген кейіпке енерміз, Біздер құстар сияқтымыз. Мен өзімді көремін. Құстардың əрбірінен өзімді танимын. Ташкенттің несібеге толы таңы есіңіз де болар, сол таңды үміт сазымен айшықтар құстардың құйқылжыта  сайрауы  жадыңызда ма? Менің де  əр таңғы өмірім  жақсыларды бір сəт ойға алудан басталады. Ойға алған сайын іштей бар  жүрегіммен  бір сəт дұға ететінімді сезесіз бе? Сезінеді деп сенемін. Сенбестен басқа амалым бар ма?  Əйтеуір... Жат болуға қақыңыз жоқ, түседі санама атыңыз көп.  Басқа-басқа...  Ташкенге бара қалсам, бар ойым сіз жаққа бөлініп кетеді. Мен қаламасам да, мен оны қажет деп санамасам да...
Мен сізді танымаған кездерімді ойша ой елегінен өткізем, өткенімді бір шолып өтем. Адамдардың барлығын жақсы көруге болады. Сол адамдардың бəріне  сенуге де болады. Қиын емес. Мен əрбір адамның бір ғана қасиетіне бас иіп, сол қасиетімен сол адамды жақсы көруге дағдыланғанмын. Иə,  үн, сөз, аңғалдық, балалық, тазалық, шынайылық сынды бір ғана қасиетті кісі бойынан іздеп тапқым келеді. Таба алсам, бір ғана қасиетімен адамға еріксіз  жақындаймын.  Əсте де, бүгінгі өмірде бар қасиетті бір бойында алып жүрген жан жоқ.  Содан шығар, жанары əлсіз жандар үнемі үн талғап,  адам іздеумен жүретіні. Өмірдің өзі - толассыз іздеу, өзіңді жəне өзіңді ұғатын жандарды табу. Бұл жолдан кері қайтуға ешкімнің қақысы жоқ.
 Оңай деймісіз?! Адамдардың сан түрлісімен кезігіп, өлең ойдан  қалам мен қағаздан  безініп, өзіңді əлемде  жападан -жалғыз қалғандай сезініп өмір кешу. Брайль əліппесін түсінетін жандар жайлы есітсек, бір сырлас тапқандай балаша  қуанатынымызды жасырудың жөні жоқ шығар.
Шыны көңіл сынуға таяу,
уақытта жылжиды сол сəт баяу.
Аяғым да əл  болса шіркін,
кезіп кетер ем, əлемді жаяу.
Барлығын сызуға болады деп, барлығын жоюға болады деп босқа алданатынымыз.
Жақсы көру - жек көруден мың есе жеңіл. Бəріміз де жек көре аламыз. Оған бəріміздің де мүмкіндігіміз бар. Ал, жақсы көруге келген де бар мүмкіндігіміз жоқ болады. Жоқ! Бар болса да, жоқ. Адам табиғатынан жеңілге əуес қой. Жақсы көру - жек көруден қиын. Жақсы көру -  бар болмыс-бітіммен біреуді қабылдау, тілекші болу, сыйласу, сырласа білу.  Адамды қабылдау жағынан көбі осал. Зағип адамның психологиясындағы үш кемшілік бар. Бірінші, адамға өзі қаламаса да тəуелді болады. Тəуелділік -  жабысып қалу емес. Ол адам психологиялық дағдарысқа түскенін де біреуге сенім артуы керек. Біреуге жақын болуы керек. Ол - зағип. Көрмейді. Көрмеген соң  үн арқылы адамға жақындау басталады. Бұл жақындау - адамның рухани қажеттіліктерін толық өтіп беруі тиіс".
Жалғасы бар...
Аударма Мейірхан Мейрамбекұлы