Көптен ойымды айтуға жасқанып жүр едім.Бүгін ғана батылдығым жетіп айтып беруге бел байладым.Жездеммен төсектес болып жүрмін...
Алтыншы сыныпта оқитынмын.Әпкемнің үйіне жазғы демалыста қыдырып бардым.Әпкем алаңсыз түнгі кезекшілігіне жұмысқа кетті.Мен балаларына қарап үйде қала бердім.Ештеңемен шаруам жоқ, ойын баласымын ғой.Қатты ұйықтап кеткен екенмін.Кеудем жаншылып ауа жетпегендей болып оянып кеттім.Қарасам жездем, үстіме мініп алыпты.Не болып, не қойып жатқанын ол күні түсінген жоқпын.Ертеңіне мазам болмай ауырып жүрдім.Біреуге бірдеңе айтуға қорқамын.Жездем әпкеңе айтатын болсаң, оңдырмаймын деген.Содан әпкем түнгі сменаға кеткенде, жездем үнемі мазалайтын болды.Соңғы уақытта не істесе де көніп жата беретін болдым.Басқа амалым да жоқ еді.Әйтпесе «өлтірем» деп қорқытып қойған.
Қазір жасым он сегізде, жездем әлі де менімен байланысын үзгісі жоқ.Ал мен өзім қатарыммен үй болып, бақытты жан- ұя болғым келеді.Бала сүйгім келеді.Әйтеуір осы уақытқа дейін аяғым ауырлап қалмай жүргеніне таң қаламын.Кейде ойланамын, осы мен бедеу шығармын деп.Жездем ешкіммен сөйлеспе, жігітті жаныңа жолатпа деп қатаң тиым салып қойды.Не істерімді білмеймін.Ешкімге сырымды айта алмаймын.Кейде өлгім келеді.Бірақ...менің де алда бақытты күндерім бар шығар.Кім білсін...