Мен сүйген жігітке тұрмысқа шыктым, сүйіп қосылдық. Ата енеммен 4 күн тұрып Алматыға күйеуім екеуміз кеттік. Онда ағасы мен жеңгесі үйінде тұрдық бір жарым айдай. Бірінші ұрыс енемнің айтуымен , күйеуім маған алғаш рет қол көтерді, аузым қанап кетті. “Жарайды” деп назар салмадым. Сөйтіп құрбыларыммен араласуға тиым салды.Құрбыларыңмен араласасың деп ұялының қуаттағышымен ұра бастады.
Сөйтіп жүріп екеуміз бөлек пәтерге көштік.Мен қуанып үй боламыз деп жүргенде ,жүкті екенімді білдім.Жеңгесі қонаққа үйіне шақырды.Мен жұмыстан кеш шыққан едім.Қыс,жол тайғақ.Күйеуіме түн болып қалды,келесі бірде барармыз деп айтқаным сол еді,мұзға итеріп жіберді.Баламыз түсіп қалама деп қорқып кеттім.Бірақ...Аллаға шүкір аман қалды.Кейін тағы жарасып кеттік.Қайтадан жаңа бөтен,қымбаттау пәтерге көштік.Бұл пәтерге көшкенімізді күйеуім жақтырмады.Көшіп келген күні”Есікті неге тезірек ашпайсың?Неге заттарды көтермейсің?”деп айқайлады.Қорыққанымнан,маған ауыр зат көтеуге болмайды,айқайламаңызшы деп едім, жағымнан үш рет тартып жіберді.Бетім көгеріп қалды.Сөйтіп жүріп тағы жарасып кеттік.
Бір күні тәтесі қонаққа шақырды.Сол күні түнде қатты ашуланып ,”неге аяғыңды дұрыстап басып жүрмейсің “деп айқайлады. «Айқайлай бермеңізші енді...» дей бергенім сол, «неге сөз қайтарасың?» деп ұрмақшы болды.Қорыққанымнан баланы өлтіріп қоясың деп лифтіге қарай қаштым.Артымнан қуалап кеп 6 этаждан ,9- этажға дейін көтеріп сүйреп жерге лақтырып жіберді.Баламыз өлді деп ойладым.Бетім көгермек түгілі қанталап кетті.Шыдай алмай ата –анамды шақырдым.Ата-анам екеумізді жарастырып кетті.Күйеуім ұрмаймын деп уәдесін берді.Дегенмен бұл жағдай қайталанып,күйеуім ұра бастады.Ішімдегі бала кеміс немесе жынды болып туылмасын деп,үйден қашып кеттім.Сөйтіп күйеуіммен заңды түрде ажырастым.Ол алимент төлемеймін деді. «Мақұл» деп оған да көндім.Ата –енем не болып қалды?Не жанжал?- деп хабарласпады да. Күйеуім болса басқа жас қызға үйленем, бала да сен де керек емессіңдер, ата- анам разы емес деп бетіме айтып кетті. Абыроймен тұрмысқа шығып отырсам да, ата- енеме сөз қайтармасам да, енді баласына отбасыңды сақтап қал деп ақыл ,басу айтудын орнына , “қолынан түк келмейтін келін “деп “келін, немере керек емес” депті.
Жас келінді бір жыл болмай “қолынан түк келмейді” деп қуып жіберген ұят нәрсе деп ойлаймын.Жасым 22 де.Үйдің еркесі болып өстім.Осының бәрін біліп тұрып келін етті.Қолымнан дым келмейді емес,үйреніп қалып едім.Күйеуім пловды керемет жасайтын болыпсың деп мақтайтын еді.
Ішімдегі бала 8- айлық болған кезде,көзімді бақырайтып, тастап кете барды.Күйеуім мені іздеп таппақ түгіл игнор жасап,нөмерін ауыстырып тастапты.Жаңа өмір бастап қыздармен тайраңдап сөйлесіп жүр.Ал мен ше?Менің өмірім ше?Баламыз ше?Сүйіп қосылып, маған қолы әрең жеткен,түк болмағандай қалай бәрін теріске шығарады?Сене алар емеспін...енді не істеймін?Алдым тұман,артым бұлыңғыр.
Жәмила