Жасым -отыз екі де. Күйеуге он тоғыз жасымда шықтым. Күйеуім бір үйдің жалғыз баласы. Ата-енем -зейнеткерлер. Өзім келгеннен жылма-жыл құдайдың бергені деп туа бердім. Күйеуімнің алғашында араққа жақын екендігін білмедім. Үлкен ағамның əйелінің інісі болғаннан кейін бе, əлде өзімнің біреу туралы ақпаратқа мəн бермейтін салғыртығым ба, білмеймін əйтеуір бір шаңырақ болғаннан кейін екі аптадан соң арақ ішуді бастады. Əлі күнге дейін аузы арақтан босамайды.
Алғашында, бір-екі баладан соң қояр деп үндемедім. Екі баламыз өмірге келді. Қазір, емдеткім келеді. Рас балалар ес біліп қалды. Ауыл болған соң ақша бірде бар, бірде жоқ. Кейде, араққа ақша іздеп үйдің берекесін қатты алады. Терезені шағады. Маған қолы тиеді. Аузынан ақ ит кіріп, көк ит шығады.
Ата-енемді аяғаннан осындай сүреңсіз өмірге шыдап жүрмін. Үйдегі заттарды да сата бастады.Өткенде үйдің қасындағы дүкенге, тамақ алуға барсам қарызыңызды қашан төлейсіз?- дейді. Қарызға ештеңе алмаған сияқты едім десем,күйеуімнің қарызы біраз ақша болып кетіпті.Сонда неге қарызға арақ бересің?- дедім ызадан жарылардай болып.Өзі жұмыс жасамайды.Менің еден сыпырып тапқан ақшам неге жетеді?
Сол күні тамаққа алып барған ақшамды,қарызға беріп үйге дымсыз келдім.Кеште балаларға не істеп берерімді білмей қатты қиналдым. Сұмдық ызаланып,айқайлап жылап алғым келді.Емдетейін десем,қол қысқа.Бірақ өзі талпынбаса,емделу мүмкін бе? Ажырасқанда енді не опа табамын?Ол қаңғып кетеді ғой.Есі кіріп қалған балаларым әкесі үшін сұмдық арланады.