Жас күнімде асыл анашым ақылын айтып, отыратын. Ол кезде,көп сөзге мән бермейтінбіз.

Бірде мынандай жағдай болды, жолдасымның "түздегі" жүрісін сезіп, екі кішкентайымды (ол кезде тұңғышым 5-те, қызым 3-те) ренжісіп, төркініме кетіп қалдым. 4-5 күннен соң жолдасымнан "сағындым сендерді, үйге қайтыңдаршы" деген телеграмма келіп, ауыл ду ете қалды.

Поштальон ағамыз телеграмманың мазмұнын ешкімнен жасырмайтын. Үстел басында анама мəн жайды түсіндірейін деп бастағаным сол еді, " өзің жақсы көріп қосылған жігітің. Екі балалы болдың. Байыңды жамандағанда біреу жақсы байын бөліп бермейді" - демесі бар ма?

Содан кейін жан адамға жолдасымды жамандамайтын болдым. Анамның бір ауыз сөзі бүкіл өміріме сабақ болды. Осындай дана аналар көп болсын. Қазір, шүкір, үш баламыз, екі жиеніміз бар.



    

Басыңнан өткен жағдай,басқа біреуге сабақ болсын десеңіз,ой қосыңыз. Жүрек түкпірінде ешкімге айта алмайтын сырларыңыз болса, бөлісуге әзірміз. Аты -жөңіз құпия сақталады. Хат жазыңыздар.