Екі ұлдың ортасында еркелеп өскен сіңілім Сәуле қазақы тәрбиені бойына сіңірген, мінезі салмақты, ретсіз жерге киліге бермейтін қыз болып өсті. Табиғат берген сұлулықтан да кенде емес. Мектепте де, университетте де оқуын жақсы оқыды.
Қазірде өз мамандығы бойынша еңбек етіп жур. Бала күнінде әдемі келбетіне карап "талай жігіттің арманы боласың ғой" деуші едім. Таң калам... Биыл 27 - ге келді. Келбетті, білімді, ақылына көркі сай сіңлім осы жасқа келгенше жалғыз қалады деп ойламаппын. Кім болса да ішкі жан дүниесі, ой - өрісі өзіне тең келетін жанды іздеуі заңдылық. Өзіне пана боларлық азаматпен бас қосып, балалы болғысы келеді.
Мүмкін Сәулені іздеп жүрген жігіт сіздің ініңіз, қайныңыз, балдызыңыз, досыңыз, мүмкін өзіңіз болуыңыз да ғажап емес. Олай болса ,екі жанның бір - бірін табуына көмектесейік.
Сырласуға осындай мазмұндағы хаттар да келіп жатыр.Танысу бұрышы болмаса да,жүрек жарды лебізін жазып отырған хатқа селқос қарай алмадық.Егер, хаттағы кейіпкермен байланысуды қаласаңыз, сайттың "Сырласу"айдарынан
Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. арқылы мәлімет ала -аласыз.