Ал біз әр белгі иесінің өтірік айтуға бейімділігіне 5 балдық шкаламен баға беріп көрелік. Мұндай болжаммен ешкімнің көңіліне тигіміз-ақ келмейді. Әйткенмен, адамдар арасында ала да, құла да болатыны шындық. «Бүгінде ешкімге сенетін заман емес» деп өзіңіз де талай айтқан шығарсыз.
Сондықтан, өзге біреудің өтірігіне риясыз сеніп, кейін сан соғып қалғаннан көрі оның жұлдызбелгісі мен жалған сөйлеуге қаншалықты жақын екенін біле жүргеніңіз артық болмайды. Ал біз әр белгі иесінің өтірік айтуға бейімділігіне 5 балдық шкаламен баға беріп көрелік.
Тоқты
Өтірікке бейімділік деңгейі: 1 балл Тоқтылардың ойын ашық та тік айтатыны белгілі. Сондықтан, бұл белгі иесінің әр сөзіне риясыз сенуге болады. Оған қандай да бір сұрақ қойсаңыз, тек шынайы жауап еститініңізге күмәніңіз болмасын. Тіпті, бұл жауаптың сізге жақпайтынын білсе де, Тоқты көңіліңізге қарап қиыс сөйлемейді. Бұған да дайын болыңыз.
Торпақ
Өтірікке бейімділік деңгейі: 2 балл Торпақтар — барлық белгнілер ішіндегі ең еңбекқорлары. Олар егер бәріне жақсы көзқараспен қарап, ізгі ниетте болсаң, кез клеген істе адалдық танытсаң, түбінде жақсылыққа жетесің дегенге шынайы сенеді. Сондықтан, сатқындыққа, жалғандыққа жол бермейді.
Егіздер
Өтірікке бейімділік деңгейі: 3,5 балл 5 балдық шкаладан 3,5 деген баға алды деп айналаңыздағы барлық Егіздерді «нағыз суайт» екен деп жүрмеңіз. Бұл тұрғыда олардың өз есебі бар. Егіздер әдейілеп, жұртты ақиқаттан адастыру үшін айтпайды өтірікті. Тек олар шындықтың барлық жағдайды оң шеше алмайтынын жақсы түсінеді. Ақиқаттың ащы болатынын да сезінеді. Сондықтан, өткір, қауіпті тұстардан аздап қиыс сөйлеп құтылып кеткенді жөн көреді.
Шаян
Өтірікке бейімділік деңгейі: 3,5 балл 3,5 балл — ортадан жоғары деңгей болғанымен, бұл да Шаяндардың жалған сөзге жаны құмар екенін білдірмейді. Бұл бағаға себеп болатын — олардың тым эмоцияға берілгіштігі. Эмоцияға беріліп, тым әсерленіп кеткенде Шаяндардың аузынан шыққан сөздерді әсірелеп жіберетіні бар. Яғни, бояма сөздерді көп қолданып, қандай да бір жағдайды асыра не тым төмендете баяндау. Осы ерекшелігі оларды өзгелердің көзіне өтірікші етіп көрсетеді.
Арыстан
Өтірікке бейімділік деңгейі: 2,5 балл Арыстан белгісі аясында дүниеге келгендер өтірікті шындай қылып жеткізе алмаса да, асыра сілтеуді қатырады. Әр замандардағы ең әйгілі ертегішілердің көпшілігі осы белгі иелері екеніне не дерсіз. Бикеш Өтірікке бейімділік деңгейі: 1 балл Бикештер — жалған айтуға мәжбүр болса, өздерін өте жайсыз сезінетін жандар. Тіпті, мәжбүрлі түрде айтқанның өзінде, шындығы бет-жүзінен білініп тұрады. Сондықтан, олардың сөздеріне 90, ал жүздеріне 100 пайыз сенуге болады.
Таразы
Өтірікке бейімділік деңгейі: 1 балл Таразылар әрқашан турашылдықты жақсы көреді, сол жолмен жүреді де. Әйткенмен, қиын жағдайлар туа қалса, шындықты ту етіп, қасқайып қарсы жүруге қорқақтайтыны бар. Осыныңы салдарынан аздаған жалған сөзге жол беріп қоюы мүмкін. Яғни, күрмеуі қиын күрделі мәселелерді оңтайлы шешу үшін аздаған жалғандыққа барады деген сөз.
Сарышаян
Өтірікке бейімділік деңгейі: 5 балл Мұндай баға үшін ешбір Сарышаян ренжімесін, олардың өз пайдасы үшін бойындағы бар қабілетін пайдаланып қалатыны ақиқат. Күнделікті өмірде ешқандай жамандыққа бармай-ақ, тәтті тілін, әдемі бет-жүзін орнымен қолданып, сол арқылы қажетін қалай алу керектігін біледі. Өз қауіпсіздігі үшін де өтірік айтуға арланбайды. Бұл белгі иесіне сыр ашып, шыныңызбен бөліспеген дұрыс. Әйтпесе, айтқаныңыздың бәрі бір күні өзіңізге қарсы қаруға айналуы бек мүмкін.
Мерген
Өтірікке бейімділік деңгейі: 2 балл Мергендер табиғатынан жылы шырайлы, адамдардың бәріне құшағы ашық, көпшілік ортаны ұнататын жандар емес. Алайда, өзін солай көрсетуге барынша тырысады. Осы талпынысының салдарынан олардың шынайылығына аздап күмән туып қалады. Әйтпесе, жалған сөзбен жұртты ақиқаттан адастыруды көздемейді.
Тауешкі
Өтірікке бейімділік деңгейі: 1,5 балл Тауешкілер — қиын жағдайдан қалай сытылып шығудың жолын жақсы білетіндер. Сондықтан, мәселені шешу, табысқа жету, алға жылжу үшін өтіріктің көмегіне жүгінуде аш қажет етпейді. Сондықтан, көңіліңізді күдік-күмән күпті қылған кездерде Тауешкіден жәрдепм сұрасаңыз, ақты ақ, қараны қара деп айқын ажыратып бере алады.
Суқұйғыш
Өтірікке бейімділік деңгейі: 3 балл Олар жағдайды өз пайдасына шешу үшін жалғанды, басқа да айла-шарғыларды қалай қолдану керектігін біледі. Алайда, бұл өнерін көп қолданбайды. Қолымнан келеді екен де адамдарды алдап-арбап басқаруға талпынбайды. Тек қатты қажет болған кезінде қажетке жаратып жіберетіні болмаса...
Балықтар
Өтірікке бейімділік деңгейі: 3,5 балл Балықтар белгісіндегілердің көпшілігі шығармашыл тұлға болып келеді. Қиялында көптеген идеялар мен бейнелер, оқиғалар өмір сүруде. Осы бір керемет шығармашылық ойларын айналадағы адамдарға баяндай бастаса болғаны, сырт көзге өтірікті суша сапырып жатқандай болып көрінеді. Сондықтан, оларға көбісі өтірікті көп айтатын, көп нәрсесі сөз жүзінде ғана қалып қоятын сенімсіз адам ретінде қарайды.
Дайындаған: Айгерім Бектұрғанова, ERNUR.KZ